1927 жылы БК(б)П-ның XV съезінде жарияланған КСРО-дағы ауылшаруашылығын ұжымдастырудың экономикалық салдары миллиардтап саналды. ЖЭС уақытында қаржылай қорланған ауылдағы азаматтар мемлекетке артық өнімді бермей - азық-түлік тапшылығын тудырып, нан бағасын қолдан қымбаттаттырып отырды. Жалпы, жобаның логикасы жақсы. Бірақ ұжымдастыруды күштеп жүргізу, жекенің малын тартып алу - мемлекет тарапынан қаржылай өтемақы бермеуі үлкен сұрақ тудырады. Мұндай үрдіс Қазақстанда кеңінен тарады. Жеке шаруа қожалықтарына - ұжымшарларға малды беруге мәжбүрледі. Яғни, қазақтың төрт түлік малы КСРО-да завод-фабрикаларды салу үшін құрбандыққа шалынды десек қателеспейміз. Қазақстанда: Ұжымдастыруға дейінгі төрт түліктің малдың көлемі 40,5 млн болса - ұжымдастырудан кейін ұжымшарларда 4,5 млн бас қалды. Көшпелі малшаруашылығымен айналысатын қазақтардың - егіншілікке көшуі оңай болмады. Малдың жұт пен етке өткізуден адамдардың азығы таусылды. - Азық-түлік тапшылығы туындады. Қалалар мен ауылдарда ашыққан
Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың экономикалық салдары
28 января 202428 янв 2024
13
2 мин