Найти в Дзене

Қазақстандағы Кеңестік ұжымдастыру саясатының мақсаты

Тоталитарлық жүйені құруды құптайтын большевиктер Ресейде билікті басып алғаннан күннен бастап ауылды қанауын тоқтатпады. "Әскери коммуниз" саясаты уақытында бұл өзінің шырқау шегіне жетті. Большевиктік партияның теоретиктерінің барлығының еңбектерінде дерлік - ауылшаруашылығын ұжымдастыруды құптайтындығын жазған болатын. Мемлекеттік биліктен тыс қаржы саласына үстем ететін, тіпті қаржыны қорландыруға тырысатын адамдарды большевиктік билік қабылдамады. Жаңа экономикалық саясатта - мемлекетке төленетін кірістерді арттырып, шаруалар толқуын басу мақсатында ғана кері шегінгені болмаса - артық қаржысы адамдарды, әсіресе шаруаларға төзімсіздікпен қарап кулактар деп атады. Қайткен күндеде партия басшылығы ауылдағы шаруаны мемлекетке кіріптар ету мақсатынан бас тартпады. 1927 жылы БК(б)П-ның XV съезінде ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағыты (саясаты) жарияланды. Бұл саясаттың мәні - ауылшаруашылығында жұмыс істейтін адамдарды және ауыл тұрғындарын ұжымға біріктіре отырып мемлекеттің азық-түліг

Тоталитарлық жүйені құруды құптайтын большевиктер Ресейде билікті басып алғаннан күннен бастап ауылды қанауын тоқтатпады. "Әскери коммуниз" саясаты уақытында бұл өзінің шырқау шегіне жетті. Большевиктік партияның теоретиктерінің барлығының еңбектерінде дерлік - ауылшаруашылығын ұжымдастыруды құптайтындығын жазған болатын. Мемлекеттік биліктен тыс қаржы саласына үстем ететін, тіпті қаржыны қорландыруға тырысатын адамдарды большевиктік билік қабылдамады. Жаңа экономикалық саясатта - мемлекетке төленетін кірістерді арттырып, шаруалар толқуын басу мақсатында ғана кері шегінгені болмаса - артық қаржысы адамдарды, әсіресе шаруаларға төзімсіздікпен қарап кулактар деп атады.

Қайткен күндеде партия басшылығы ауылдағы шаруаны мемлекетке кіріптар ету мақсатынан бас тартпады.

1927 жылы БК(б)П-ның XV съезінде ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағыты (саясаты) жарияланды.

Бұл саясаттың мәні - ауылшаруашылығында жұмыс істейтін адамдарды және ауыл тұрғындарын ұжымға біріктіре отырып мемлекеттің азық-түлігін дайындайтын жағдайға келтіру не соған міндеттеу басты қағида болып белгіленді.

Қазақстанда ұжымдастыру 1925 жылы Қазақстандағы партия басшылығына келген Ф. И. Голощекиннің басшылығымен жүзеге асты.

Ф. И. Голощекиннің Қазақстанның ауылшаруашылығы бейімді болған соң осы салаға қатты мән берген абзал дегендей айтқан еді. Бірақ Ф. И. Голощекин Қазақстанда малшаруашылығын дамытқаннан гөрі, дағдарысқа ұшыратып жіберді. "Кіші Қазан" саясаты аясында Қазақстандағы егістік жерлерді қайта бөлуде өз мақсатына жетпеді. Егістік жерлерді игеруге бейімделмеген кедейлер - алған жерлерін игере алмай, қайта беріп, тіпті баяғы иесіне жалға беруге талпынды.

Күштеу, қорқыту арқылы жүзеге асқан ұжымдасқан адамдар - малды бағуды игере алмады. Әулетінен мал бағуға үйренген, сол кәсіппен отбасын асыраған адамдарға - қайтып берген малын ұжымның атынан бағуға рұқсат етпеді.

  • КСРО-дағы индустриялдық қалалармен астаналық мәртебесі бар қалаларды етпен қамтамасыз ету Қазақстанның мойнына артылды. Миллиондаған мал етке сойылды.
  • 1930-1931 жж. жұтта малдың қырылуына әсер етті.

Ф. И. Голощекиннің қарсы пікірді қабылдамай, бір беткейлігі - ауылда тапаралық қарым-қатынасты шиеленістіріп үлкен зардаптарға әкелді.

  • Партия басшылығы жұттан қырылған мал шығынын өтеу үшін ешқандай шара қолданбады. Керісінше құзырлы органдар ұжымшар апппаратын малды қырып алуына жауапты етті.
  • Малынан айырылған ұжымшарларға біріккен қазақтар аштыққа ұшырай бастады.
  • Жаңадан құрылған ұжымшарлардың жағдайыда мәз емес болды. Мал басын ұстау, көбейту инфрақұрылымдары салынбады. Мал дәрігерлерінің өзі жетпеді.
  • Егістік жерлерді игеруге техникалар берілмеді. Көптеген ұжымшарларда егінді қолмен жинау тән болды. Тракторлар жеткіліксіз болды. Егістікті игеретін агрономдардың өзі аз болды.
  • Ұжымшарларда тұрғын үйлерді салу баяу жүрді.
  • Ұжымшарларды тұқыммен қамтамасыз етуде жүйелі жолға қойылмады.

Қазақстандағы ұжымдастыру өз мақсатына жетпей шиеленісіп, Республика ауылшаруашылығы дамыған аймаққа айналмады. Қазақстандағы ұжымшарлар экономикалық қиыншылықтан ХХ ғасырдың 30 жылдарының аяғында бірақ шықты. Соғыстан кейінгі жылдары ғана миллион табыс табатын ұжымшарлар пайда болды.

Қазақстанды КСРО-ны етпен қамтамасыз ететін аймаққа айналдыру мақсаты орындалмады.

Қазақстандағы ұжымдастырудың салдары:

  • Қазақстандағы адамдар, әсіресе ауылдағы ұжымға біріккен азаматтар әлеуметтік жағынан теңесті.
  • Ауыл тұрғындары кедейлене бастады.
  • Партиялық бақылау күшейтілді.
  • Ұжымға біріккен ауыл тұрғындары еңбек міндеткерлігіне түсті.
  • Қазақстанда аштық кеңінен тарала бастады
-2
-3

Суреттер ғаламтордан алынды