Найти в Дзене

Неге қазақ халқы кеңестік ұжымдастыруға қарсылықпен жауап берді?

Рулық, тайпалық жағынан туыстық қарым-қатынаста біріккені болмаса - қазақ халқы экономикалық және шаруашылық мақсатта бірігіп өмір сүрмеді. Ортағасырларда, жаңа заманда да - көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы өз тіршілігін қамтамасыз ету үшін отбасылық және жеке өзі тіршілігік жасап, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етті. Тек бай деп танылған материалдық игілігі артылған отбасылар ғана жалшы ұстап әулеттің тіршілігін ұстап отырды. Руда осы тіршілікпен өмір сүрді. Бірақ марксистік идеологияның басты теоретиктері К. Маркс пен Ф. Энгельс негізге алған алғашқы қауымдық құрылысқа ұқсайтын қауымдық ұжымдасу қазақ халқының тіршілігіне сай келмеді. Себебі, ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқы феодалдық қарым-қатынасты артта тастап буржуазиялық қарым-қатынасқа аттап бара жатқан еді. Қазақ халқының экономикалық бірлесуі - отбасыдан, әулеттен ары аспады. 1917 жылы Ресейде билікке келген большевиктер 1927 жылы ауылдағы шаруаны мемлекетке кіріптар ету мақсатында - ауылдағы шаруаларды ұжы

Рулық, тайпалық жағынан туыстық қарым-қатынаста біріккені болмаса - қазақ халқы экономикалық және шаруашылық мақсатта бірігіп өмір сүрмеді. Ортағасырларда, жаңа заманда да - көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы өз тіршілігін қамтамасыз ету үшін отбасылық және жеке өзі тіршілігік жасап, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етті. Тек бай деп танылған материалдық игілігі артылған отбасылар ғана жалшы ұстап әулеттің тіршілігін ұстап отырды. Руда осы тіршілікпен өмір сүрді. Бірақ марксистік идеологияның басты теоретиктері К. Маркс пен Ф. Энгельс негізге алған алғашқы қауымдық құрылысқа ұқсайтын қауымдық ұжымдасу қазақ халқының тіршілігіне сай келмеді. Себебі, ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқы феодалдық қарым-қатынасты артта тастап буржуазиялық қарым-қатынасқа аттап бара жатқан еді. Қазақ халқының экономикалық бірлесуі - отбасыдан, әулеттен ары аспады.

1917 жылы Ресейде билікке келген большевиктер 1927 жылы ауылдағы шаруаны мемлекетке кіріптар ету мақсатында - ауылдағы шаруаларды ұжымшарларға біріктіруді бастады.

Бұл идеяға қазақ халқының зиялы қауым өкілдері қарсы пікір білдірді.

  • Себебі, отбасылық, жеке адамның еңбегімен дамып жатқан мал шаруашылығын ұжымдастыратын болсақ - елде жейтін азық-түлігі болмайтындығын меңзегендей болып.

Қарама-қайшы ұрандармен қаруланған большевиктік өкіметтің белсенділері ауылдағы шаруа төрт-түлік мал қалдырмай - ұжымшарға берді.

  • Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын.

Отбасылық кәсіппен ауылшаруашылығының мал шаруашылығын дамытып отырған әулеттердің, шаруалардың мал-мүлкі тәркіленіп - ұжымшарларға берілді.

  • Құрылып жатқан ұжымшарларда жылы қоралар аса салына қоймады, мал дәрігерлері тапшы болды.
  • Ұжымдасуға ниет білдірмегендерге - қысым көрсетілді.

1923 жылдан бастап айтыла бастаған ұжымдастыру саясатына қазақ зиялылары - қазақ шаруаларынан мал-мүлікті тартып алатын болсақ аштық болатындығын айтумен болды.

Қазақ халқының тіршілігі - мал шаруашылығымен тығыз байланысты болды

Қазақ халқы ұжымдастыру саясатына

  • Бай азаматтар - өз мал-мүлкін ауылдастарына бөліп беруге талпынды.
  • Шетел асуға талпынғандарда болды.
  • Жылқыларын еркіндікке жібере салғандарда болған.
  • Мал-мүліктерді заңсыз алып жатыр дегендер РКФСР Жоғарғы сотына шағым түсіргендер болды.
  • Қарулы қарсылық көрсеткендерде болды.
  • Қазақ шаруасының қолындағы артық астықты тәркілеуде - үлкен наразылықтың басталуына әкелді.

Ұжымдастырумен басталған аштық - қарулы қарсылыққа әкелді.

Кеңестік ұжымдастыру - жеке адамның мүлкіне қол сұғу және оны мәжбүрлеу арқылы жүзеге асты. Яғни, жеке адамның құқығының аяққа тапталуы арқылы жүзеге асты.

Қазақ халқы Кеңес үкіметінің ұжымдастыру саясатына - өз тіршілігіне қарсы бағытталғандығынан, тіршілігіне қауіп төнгендгінен қарсы шықты

Сурет ғаламтордан алынды