Найти в Дзене

Әбілқайыр ханның Анна Иоанновна патшайымға жазған хатының себептері мен салдары қандай болды? №1

Кіші жүз ханы - Әбілқайырға баға беруде кәсіби тарихшылардың өзі қақ жарылатындығы белгілі. Біреулер оны асқақтатса, келесі біреулер даттайды. Мұндай көзқарасқа қарамастан Әбілқайыр хан көзі тірісінде мойындалып, ғазы-бахадүр атанғаны белгілі. Мұндай атақпен қазақ тарихында үш хан ғана белгілі. Бұл: 1. Тәуке хан 2. Әбілқайыр хан 3. Нұралы хан Бірақ бұл тізімге Нұралы ханды қосатындарда, қоспайтындарда бар. Дегенімен, 1725 жылы Түркістанды қорғап, Бұланты мен Аңырақайда жоңғар мен қалмақты жеңген - Әбілқайыр хан екендігін баса атап өткен жөн. Әбілқайыр хан ықпалы артқан шақта ұлдарын - башқұрт пен Хиуаға билеуші еткені де бір төбе. Әбілқайыр ханның Орталық Азиядағы беделі мен Орта жүз бен Ұлы жүз хандары ғана емес көршілес Ресей империясы мен Жоңғар хандығы санасқан. Иә, ол қазақ жүздерін - Ресей құрамына кіргіздіруші бірінші хан. Оны жоққа шығара алмаймыз. Тарихшылар Әбілқайыр ханның осы әрекетіне келгенде - қақ жарылады. Айыптайтындарда бар. Иә, ол Ресей империсының құрамына өз мақс

Кіші жүз ханы - Әбілқайырға баға беруде кәсіби тарихшылардың өзі қақ жарылатындығы белгілі. Біреулер оны асқақтатса, келесі біреулер даттайды.

Мұндай көзқарасқа қарамастан Әбілқайыр хан көзі тірісінде мойындалып, ғазы-бахадүр атанғаны белгілі. Мұндай атақпен қазақ тарихында үш хан ғана белгілі.

Бұл:

1. Тәуке хан

2. Әбілқайыр хан

3. Нұралы хан

Бірақ бұл тізімге Нұралы ханды қосатындарда, қоспайтындарда бар.

Дегенімен, 1725 жылы Түркістанды қорғап, Бұланты мен Аңырақайда жоңғар мен қалмақты жеңген - Әбілқайыр хан екендігін баса атап өткен жөн.

Әбілқайыр хан ықпалы артқан шақта ұлдарын - башқұрт пен Хиуаға билеуші еткені де бір төбе. Әбілқайыр ханның Орталық Азиядағы беделі мен Орта жүз бен Ұлы жүз хандары ғана емес көршілес Ресей империясы мен Жоңғар хандығы санасқан.

Иә, ол қазақ жүздерін - Ресей құрамына кіргіздіруші бірінші хан.

Оны жоққа шығара алмаймыз.

Тарихшылар Әбілқайыр ханның осы әрекетіне келгенде - қақ жарылады. Айыптайтындарда бар.

Иә, ол Ресей империсының құрамына өз мақсаттарын алдыға сүйрей отырып еңгені белгілі.

  • Жалпы Үш жүз - яғни Қазақ хандығының аға ханы болғысы келді.
  • Кіші жүзге жасалып жатқан көрші халықтардың шапқыншылығын тоқтатқысы келді.
  • Көшпелі қазақ халқын - қала мәдениетіне жақындату үшін Ресей империясына шекарада қала салуға рұқсат етті.

Бірақ Ресей империясының отаршылдық қысымына төтеп бере алмай, алдыға тартқан мақсаттарының көбісін орындай алмады.

Қазақ жүздері арасындағы саяси таластың құрбаны болды.

Иә, ол Кіші жүзді болса да - кішкентай қазақ жерін Жоңғарлардың шапқыншылығынан аман сақтап қалды.

  • Оның Ресей империясының патшайымы Анна Иоановнаға жазған хаты - Ресей Федерациясының мұрағаттық қорында сақталған. Ғаламтор беттеріненде көруге болады.
  • Бұл хатты орыс тарихшылары мен қазақ тарихшылары екі түрлі оқиды.

Сөзсіз, Әбілқайыр хан өз қадамын мың екшеп, жүз толғанып барып жасағаны белгілі. Әбілқайыр ханның мұндай қадам жасауына сыртқы және ішкі жәйттар итермелеп, әсер еткені белгілі.

Жаңа жерлерді бағындырып, отаршылдық саясатқа көшкен Ресей империясы - әйтеуір болмасын Қазақ жерін өз құрамына қосатындығы белгілі еді.

Әбілқайыр хан мұндай әрекетке шарасыздықтан барды десек болады.

Әбілқайыр ханның қадамы - Кіші жүзді жоңғар қауіпінен құтқарғанымен Қазақ жерін 180 жылдай Ресей империясының отарлық езгісіне түсірді

-2

Суреттер ғаламтордан алынды