Найти в Дзене

Әбілқайыр ханның Анна Иоанновна патшайымға жазған хатының себептері мен салдары қандай болды? Халықаралық жағдайдың әсері

Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан Ресей империясының бодандығын қабылдауына мәжбүр еткен жағдайлар көп болғаны белгілі. Соның бірі Халықаралық жағдайдың ушығуы. Бытыраңқылыққа деңгейге көше бастаған Қазақ хандығына көрші халықтардың агрессивтік әрекетінің байқалуына әкелді. 1710-1713 жж. Орыс-түрік соғысы, қазақтар - Ресей империясы арасындағы шекаралас аймақтарда әскери қақтығыстардың туындауына әкелді. Қазақтар мен Ресей империясына бағынышты қалмақ, башқұрт, шекараны мекендей қоныстанған орыс-казактары арасында шекаралық қақтығыстар күнделікті көрініске айналды. Ресей империясы қазақтарды қысымда ұстау үшін өзіне бағынышты халықтарды пайдаланып қалуға тырысты. 1729 жылы Аңырақай шайқасында Әбілқайыр хан басқарған қазақтар - жоңғарлады жеңіп, Ақтабан шұбырынды - алқакөл сұлама жылдарын аяқтады. Бірақ қазақ хандығының - саяси бытыраңқылығы жойылмады. Әбілқайыр бұл әрекетімен 1741-1742 жж. жоңғарлардың шабуылынан - Кіші жүз қазақтарын құтқарып қалды. Егер, Әбілқайыр хан мұндай таңдау жасамас

Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан Ресей империясының бодандығын қабылдауына мәжбүр еткен жағдайлар көп болғаны белгілі.

Соның бірі Халықаралық жағдайдың ушығуы.

  • Англия мен Ресей арасындағы Үндістанға жету, Азиялық сауда жолдарына шығу оларға бақылау жүргізуге талпынуы.
  • Маньчжур-Цин әулетінің билеушісі Қытай императоры Кансидың қайтыс болауымен Жоңғарлардың - Қытаймен келісімге келіп, әскери жорықтарын қазақтарға қарсы бағыттауы
  • 1710-1713 жж. Орыс-түрік соғысынан кейінгі Мәскеу мемлекетінің батысқа бағытта қорғанысқа көшіп, Шығыс шекараларын бекемдеу әрекеті.
  • Мәскеу мемлекетінің - Швециямен жүргізген 20 жылдық соғысы

Бытыраңқылыққа деңгейге көше бастаған Қазақ хандығына көрші халықтардың агрессивтік әрекетінің байқалуына әкелді.

1710-1713 жж. Орыс-түрік соғысы, қазақтар - Ресей империясы арасындағы шекаралас аймақтарда әскери қақтығыстардың туындауына әкелді.

  • Ресей империясындағы башқұрт халқының ұлт-азаттық көтерісіке шығып, көмекке қазақтарды тартуға талпынуыда қақтығыстардың басталатындығын білдірді.

Қазақтар мен Ресей империясына бағынышты қалмақ, башқұрт, шекараны мекендей қоныстанған орыс-казактары арасында шекаралық қақтығыстар күнделікті көрініске айналды. Ресей империясы қазақтарды қысымда ұстау үшін өзіне бағынышты халықтарды пайдаланып қалуға тырысты.

1729 жылы Аңырақай шайқасында Әбілқайыр хан басқарған қазақтар - жоңғарлады жеңіп, Ақтабан шұбырынды - алқакөл сұлама жылдарын аяқтады. Бірақ қазақ хандығының - саяси бытыраңқылығы жойылмады.

  • Жоңғарлардың қайта шабуылына төтеп бере алмайтындығын, көрші елдердегі болып жатқан оқиғалар арқылы сезген Әбілқайыр - Ресей империясының бодандығын, қалыптасқан жағдайда қабылдау дұрыс деп есептеді.

Әбілқайыр бұл әрекетімен 1741-1742 жж. жоңғарлардың шабуылынан - Кіші жүз қазақтарын құтқарып қалды.

Егер, Әбілқайыр хан мұндай таңдау жасамаса - Кіші жүз қазақтары 1741-1742 жж. жоңғар шапқыншылығына төтеп бере аларма еді. Себебі, Орта жүз бен Ұлы жүз бұл шабуылға төтеп бере алмаған болатын.

Көрші елдерде қазақтарға - жоңғарлар мен қалмақтарға күресте белсенді қолдауға мүдделі болмады. Хиуа, Қоқан, Бұхара хандықтарының қазақтарға қолдау көрсетуге шамасыда жетпеді

Сурет ғаламтордан алынды