Әбілқайыр ханның Қазақ хандығының Кіші жүз бөлігін - Ресей империясының құрамына кіргізуіне ішкі жағдай әсер еткені сөзсіз. Тәуке ханның қайтыс болуымен үш жүзде - үш ханның пайда болуы Қазақ хандығын бейорталықтандырылған, конфедеративтік бірлестікке айналдырды. Әрбір жүзде Тәуелсіз хандардың сайлануы - Аға ханның мәртебесін әлсіретті. Аға хан билігі номиналды, символдық бейнеге айналды. Әрине, Аға хан мәртебесіне ие Болат ханда - бүкілқазақ хандығының құрылтай жиналысын шақыру, құрылтай жиналысы аясында төтенше шаралар қабылдауға құқығы сақталды. Көрші елдермен соғыс жағдайда өңірлік билеушілердің яғни, жүздегі ықпалды сұлтандардың күшеюі - орталық биліктің беделін әлсіретті. Жүздегі хандардың өз өңірі аясында Тәуелсіз саясат жүргізуі, көрші елдермен еркін соғыс жүргізуі - Аға ханға, мәселені шешуге ешқандай мүмкіндік бермеді. Мүмкін, соғыс жағдайында өңір басшыларының аймақты қорғауды өз қолына алуы жөн шығар. Бірақ соғыстар үздіксіз жүріп, өңір басшыларының Тәуелсіз әрекетке ұмты
Әбілқайыр ханның Анна Иоанновна патшайымға жазған хатының себептері мен салдары қандай болды? №2. Қазақ хандығының ішкі жағдайы
8 октября 20258 окт 2025
2 мин