Кеңестік кезеңде партиялық идеологияның кеңінен насихатталуымен коммунистік партия мен ниеттес, жақын келетін образдағы кең танымал бола бастады. Әрине, бұған ресми идеологиялық құралдар бұқаралық ақпарат құралдары телеарна мен радио күшті жұмыс істеді. Идеологиялық тапсырманы орындап өз оқырмандарын көбейтіп, кітабының көптеп тираждалуы үшін жазушыларда атсалысты.
Түрлі елдерде орын алған революцияны жүзеге асырушы тұлғалардың есімі кеңінен насихаттала бастады. Жас жұбайлар өз балаларына революциялық тұлғалардың есімін қоюға тырысты. Осылайша 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін революциялық есімдер қазақ даласына кең тарала бастады. Қазақтарда өз балаларының ұлы тұлға болсын деп балаларының есімін тарихи тұлғалармен байланыстыруға тырысты. Қазақ даласына француздың Марат есімі осылайша келді.
Марат дегеніміз - Францияда 1789-1799 жж. орын алған буржуазиялық революция кезінде қарама-қайшылыққа толы тұлға.
Ол өз уақытында "Халықтың досы" деген атқа ие болып, лақап атына сәйкес апталық газетте шығарған.
Жан Поль Мараттың өмірі үнемі күрес - саяси болсын, денсаулық жақсарту болсын. Ол монархиялық Франция кезінде бірнеше рет қудаланып, шетелде бірнеше жыл тұрған. Осы қуғындалуы Жан Поль Мараттың денсаулығына кері әсер етіп, тері ауруына душар етті. Әрине, ол тек революциялық тұлға ғана емес ірі ғылыми қызметкер болған. Өз кезегінде Шотланд университеті медицина ғылымының докторы атағын берген. Компромисстік кезеңде оны Француз ғылым академиясыда мойындаған.
Жан Поль Марат 1789 жылғы Ұлы Француз революциясын ұйымдастырушы Якобиншілер клубының қатарында болған. Бірақ Якобиндік диктатура кезінде ресми билікті аса бір қабылдамаған. Парламент депутаты болып революциялық трибуналдың Француз патшасы мен отбасына өлім жазасын кесуді қолдаушысы болған, Республикалық басқаруды мойындамаған жүздеген, мыңдаған адамдарды қудалауға шақырушылардың бірі.
Жан Поль Марат өзінің "Халық досы" газеті арқылы үнемі өткен билік өкілдеріне қарсы қуғындауды насихаттап отырды. Оның өзінің газетін алушы Париж қаласының төменді тап өкілдерінен шыққан оқырмандарыда болды. Ол осы оқырмандарының көңілінен шығып, газетінің өзін-өзі қаржыландыру үшін үнемі билік өкілдерін сынап, Якобшілдердің баяу әрекеттерін айыптап, үнемі зорлық-зомбылыққа шақырумен болды.
Оны бірнеше мәрте Якобиншілер трибуналының жазаламақ әрекеті тобыр мен кедейлердің қарсылығымен жүзеге аспай қалды.
Оны көптеген саяси қарсыластары қабылдамады. Жек көрді. Монтаньярлар мен жирондистер оны елдегі террорды тудырушы деп қабылдады.
Себебі, Жан Поль Мараттың газетінде үнемі террорға шақырушы мақалалар жиі жарияланды.
Якобиншілер арасында да оның қабылдамаушылар болды.
Якобиншілердің ресми билік өкілдері оны бұқараның сезімімен ойнап, билікке әсер ететін тұлға деп қабылдады. Бәлкім, ғылыми атағы бар кәсіби журналист Жан Поль Марат сондай адам болғанда болар. Яғни, кәсіби арандатушы.
Жүздеген адамның өліміне себепкер болған Жан Поль Марат - Якобиншілер диктатурасын тудырушы тұлғадан оған қауып тудырушы саяси тұлғаға айнала бастады. Бұны Якобиншер аса қабылдамады. Бірақ Жан Поль Мараттың беделімен санасты.
1793 жылы оны жирондистік Шарлотта Карде қастандықпен өлтірген кезде, оның өлімі Якобиншілер диктатурасының басты насихат құралына айналды.
Оның досы Жак Луи Давид "Мараттың өлімі" деген картина салған. Осы картина кәсіби суретші салғаннан болар, революциялық Франциядағы сурет өнерінің озық үлгісі деп қабылданған.
Якобиншілер диктатурасы оны салтанатты түрде ұлттық пантеонға жерлеген. Кейін монархия билігі қайтып орныққан кезде шіркеу айналасына жерлеңген.
Мараттың образы - Кеңес Одағы мен оған ниеттес коммунистік партия билік құрған кеңінен насихатталған.
Ал Францияда бірнеше рет революция жүзеге асып, монархиялық бірнеше рет ауысып келіп, Республикалық дәстүр орныққан Францияда оны мадақтаушылардан қарағанда айыптаушылар көп. Оның есімі Термидорлық билік кезінен бастап ресми ұмытыла бастаған тұлғалардың бірі.
Ол өзі таныстырғандағыдай халықтың досы болды ма? Ол жағын айту қиын. Қоғамның бір бөлігі оның жек көріп, өлім тілеп, жақтастарының арасында да қабылдаушылары бар тұлғаның - көпшіліктің халық болып құралатындағыдай, ұлттық масштабтағы саяси тұлға деп айту қиын. Ол халықтың емес - әлеуметтік жағынан аз қамтылған Париж халқының бір бөлігінің досы емес насихатшысы, үні болды деген жөн секілді. Иә, оны әркім әрқалай қабылдайды. Ол сөзсіз билікке - халық арқылы әсер ете алған тұлға. Бірақ халықтың бір бөлігіне өлім тілеп, бір бөлігіне - келесі бір бөлігіне қарсы қойып отырған тұлға дос болуы қиын. Иә, ол халықтың еңжар бөлігін оятушы өзгерістерді жеделдетуге шақырушы тұлға. Бірақ оның репрессия мен террорға себепкер болғанын ескерсек - мүлде зұлым, жауыз тұлға шығатындығы анық
Сурет ғаламтордан алынды