7 сыныптың Дүниежүзі тарихы пәнінің ІІ тоқсандағы - Француз революциясының көрінісі бөлімінің 3 тақырыбы "Неліктен Давид пен Бодридің Марат туралы көзқарастары әртүрлі болды" деп аталады.
Мақсаты:
7.2.2.1 тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану;
7.2.2.2 өнердегі негізгі стильдер мен ағымдардың белгілерін (неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм) анықтау;
7.3.1.1 республикалық құрылымның ерекшеліктерін анықтау
Тақырыпқа сәйкес оқушыға негізгі ресурс болып табылатын Дүниежүзі тарихы (1640-1900). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық / Н. Алдабек, К. Мақашева, Қ. Байзақова. - Алматы: Мектеп, 2018. - 208 ., сур. оқулық құралының 9 параграфы XVIII ғасырдағы Француз буржуазиялық революциясының негізгі кезеңдері тақырыбындағы 54, 55 және 57 беттердегі шағын абзацтық мәліметтер Ұлы француз революциясының барысындағы Жан-Поль Мараттың қызметіне арналған. Бірақ суретшілер Жан Луи Давид пен Поль Бодри жайлы мәліметтер жоқ. Қиындықтың мәнісі бұл жерде емес. Мұғалім тақырыпты ашу үшін қосымша мәліметтерді өз қалауымен ұсына алады.
Әрине, оқушылар Ұлы Француз революциясы жайлы алдыңғы тақырыптарда өтіп кеткен. Жалпы Ұлы Француз революциясы жайлы ақпараттармен хабардар. Абсолюттік монархия, конституция монархия, республика ұғымдарын біледі.
- Мұғалім өзінің сабақ беретін 7 сыныбындағы оқушылардың санына қарай 2 не 3 топқа бөле алады. Мұғалім санап бөле ма жоқ партаның орналасуына сәйкес бөле ма өзі біледі.
- Егер 2 топқа бөлсе ақ не қызыл түспен бөлген дұрысырақ. Ал 3 топқа бөлсе Франция мемлекетінің туына сәйкес қызыл, ақ және көк түстер не Ұлы француз революциясының "азаттық, теңдік, бостандық" ұранына сәйкес ұранына бөлседе болады.
Оқушыларды топқа бөліп болған соң үй тапсырмаларын сұрау мен жаңа тақырыпқа көшу кезеңін жеке тапсырмаларды үлестірме қағаздар арқылы немесе сыныптағы лед экранға көрсетіп қойып не ауызша сұрақтар қою арқылы сұрасада болады.
- Оқушыларға беретін ақпаратыныңыз - олардың дәптерлерінде жазылатындай болғаны жөн. Ол жерде сіз 1789 жылғы Ұлы француз революциясы 100 жылдай француз азаматтарының көзқарастарына әсер еткенін айтып өткеніңіз жөн. Себебі, тақырыптағы Жан Луи Давид пен Поль Бодри бір-бірін көрмеген екі заманның адамы. Екеуіне Ұлы француз революциясы әртүрлі әсер етті.
- 1793 жылы Франциядағы революциялық ахуалды үдетуге шақырған Парламент депутаты, журналист Жан Поль Маратты өлтіріп кеткенін айтасыз. Дәптерге жаздырсаңызда болады.
Жұптық тапсырма: Сыныптағы оқушыларға суретшілер Жан Луи Давидпен Поль Бодридің - Жан Поль Мараттың өліміне байланысты картинасына үлестіре отырып, венн диаграммасына салып талдауды ұсынасыз:
Сабақтың ең қиын кезеңі осы жерде.
- Сіз Жан Поль Мараттың аурушаң, тері ауруымен ауырғанын айтып өтуіңіз керек.
- Шарлотта Карде - Жан Поль Маратты өлтіру үшін бірнеше мәрте қабылдауына жазылғанын айтқаныңыз жөн.
- Жан Поль Маратты көптеген адамдарды ваннада отырып тыңдағанын айтып өткеніңіз жөн.
Әйтпесе, оқушы неге Шарлотта Карде ваннада ем қабылдап жатқан неге барды деген сұрақ қоюы мүмкін.
- Бұл тапсырманы аяқтап болған соң сіз мұғалім есебінде - оқушыға ақпарат беру үшін. Шарлотта Карденің - Жан Поль Мараттың үдетуге тырысқан "революциялық террорды" тоқтатуға тырысып өлтіргенін айтып өтуіңіз керек.
Сіз мұғалім ретінде ескеруіңіз керек - Жан Поль Марат саяси арандатушы, революцияға қарсы адамдарға өлімге жіберуші тұлға (Француз королі XVI Людовикпен оның жары Мария Антуанеттаны және монархияны жақтаушыларды физикалық түрде жоюға шақырушы тұлға. Яғни, біреулерді өлім жазасын кесуді насихаттайтын саяси тұлға, қылмыскер. Ал Шарлотта Карде - Жан Поль Маратты өз ұйғарымымен өлім жазасына кесуші тұлға, қылмыскер. Жан Поль Маратта - Шарлотта Кардеде қылмыскер). Оқушыға Марат пен Шарлотта Кардені қылмыскер ретінде жеткізгеніңіз жөн. Заманға сәйкес екі тұлғаны суретшілер қоғамға әртүрлі жеткізіп отыру ерекшелігі болғандығын айтыңыз.
Топтық тапсырманы ПОПС әдісі бойынша 2 не 3 топқа бөлуге болады. Үш топқа мәтін берсеңіздерде - бермесеңіздерде болады. Егер мәтін бермейтін болсаңыздар оқушылар ғаламтордан мәліметтер іздеп тауып талдауы керек.
1. Давид неге Мараттың өлімін үрейлі суреттеді деп ойлайсыздар
2. Неге Бодри Шарлотта Кардені өз картинасында ақтап алуға тырысты
3. Неге екі суретші Маратты екі түрлі жеткізді деп ойлайсыздар
Сабақтың аяғында оқушыларға неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм тақырыптары бойынша қосымша ақпаратты ленд экран арқылы көрсетіп ауызша сұрақтар қойсаңыздар болады.
Неоклассизм стилінде салынған сурет
Романтизм стилінде салынған сурет
Импресионизм стиліндегі сурет
Реализм стиліндегі сурет
- Жанрлық стильдегі суреттерді оқушыларға ұсынар кезде жасерекшелігін ескеріңіздер
Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма: Жанрлық стильдердің ерекшелігін жазбаса жазып келу
Суреттер ғаламтордан алынды