1789 жылғы Франция орын алған революция билік жүйесін абсолюттік монархиядан - конституциялық монархияға көшіріп, феодалдық артықшылықтарды жойғанымен сыртқы және ішкі себептермен француз революциясы күрделеніп, өз мақсатына жетпей созылып кетті.
- Билік халық өкілеттілерінен жиналған парламентке көшті. Король билігі ұлтты біріктіруші нышан белгісінде сақталып қалды. Корольдің қолындағы атқарушы, заң шығарушы, сот билігі - парламентке, парламенті құраған үкіметке және тәуелсіз соттарға берілді.
Парламентті саяси бағыттына және сайланған аймақтарына байланысты депутаттар түрлі саяси клубтарға бірікті.
- Король Людовик XVI мен Мариа Антуанеттаның жоғалған билігін қайта қалпына келтіру мақсатында сыртқы елдермен байланыс жасай бастады. Бұл әрекеті білініп қалғанда кезде шетел қашуға талпынып, шекарада ұсталды.
1792 жылы Парламент король Людовик XVI мен оның жұбайы Мария Антуанеттаны өлім жазасына кесті. Корольге мемлекеттің қаржысын өз мақсатына жұмсап, өз билігін қайта қалпына келтіру үшін сырттан әскери көмек сұрады Отанға опасыз деген айыптар тағылды.
- Франциядағы жүйелі дағдарыс көптеген азаматтардың наразылығын тудырып, жылдар бойы король билігіне оппозиция пісіп жетілді.
Зиялы қауым өкілдері түрлі саяси клубтарға бірігіп революцияны ұйымдастыруға талпынды.
Осы наразылықтардың әсерімен 1789 жылы Францияда Ұлы Француз революциясы орын алды.
- Осы революцияны тікелей ұйымдастырмаса да король билігіне наразы болған азаматтардың бірі философ, дәрігер Жан Поль Марат болды.
Ол "Халық досы" атты газет шығарып, революцияның өзгерістері сөз жүзінде қалып қалмасын деген ойда үнемі халықты терең өзгерістерді шақырумен болды. Ол өзін Якобиншілер тобына жатқызғанымен жекелей әрекет етті.
Түрлі саяси клубтардың әрекетін үнемі өзінің газетінде сынаумен болды. Әсіресе, монтаньярлар тобының әрекетін сын садағына алды.
- Жан Поль Марат - Парламент депутаты болған саяси тұлға. Король отбасын өлім жазасына кесуге дауыс берген және революцияға қарсы азаматтарды "революциялық террормен" физикалық жоюға үндеуші.
- Жан Поль Мараттың газетін оқып, тезистерімен оның ойларымен қаруланған радикалдық көзқарастағы адамдар түбірлі өзгерістерді қалаумен болды. Оны газетінің атауына сәйкес жанама түрде "Халық досы" депте атады.
Бірақ ол халық досы болудан аулақ тұрған саяси қарымта қайтарушы, келіссөзге бармайтын, келісімге келмейтін азаматтардың қатарынан болды. Оның газеті өз оқырмандарын тауып, Париж қаласы мен Франция жұртының біразының санасына әсер етті.
Якобиншілер оны қабылдамаса да газетінде жарияланған ойларды өзінше пайдаланды.
1792 жылға таман революция жауларына қарасты "террор" әдісін бастап жіберген Жан Поль Мараттың саяси ықпалы біраз бәсеңдеп денсаулығана өз үйінде ем алумен болды.
- Ел ішіндегі біраз азаматтардың Жан Поль Мараттың әрекетіне, айтқан ойларына көңіл толмаушылар болды. Олар елде ұйымдасып жатқан "террорға" жауапты осы адам деп қабылдады. Бірақ "революциялық террорды" нұсқаулық түрде жүзеге асырып отырған оданда жоғары тұлғалар болды. Мысалы: М. Робеспьер.
- Ел ішінде Жан Поль Маратты тоқтатушы адам барма деген сауал қойыла бастады. Жалпы, ол өлім ауызына жақындаған аурушаң адам еді. Оны өлтірмесе өзінің асқынған ауруымен өліп қалушы еді. Тіпті оны бірнеше мәрте сотқа, революциялық трибуналға сүйреген Якобшілердің өзі өлтіруі мүмкін еді.
Бірақ 1793 жылы Жан Поль Мараттың депутаттық қабылдауына бірнеше мәрте жазылып қабылданбаған Шарлотта Корде өлтірді.
17 жасар Шарлотта Корде - кедейленген дворян отбасында дүниеге келген, шіркеулік білім алған революциялық көзқарастағы азаматша еді. Ол Монархияның жойылуын қаласа да - монарх отбасының өлтірілуін қабылдамай, революция жауларына қарсы бағытталған - "террор" әдісін айыптады. Шарлотта Корде - Жан Поль Мараттың радикалдық көзқарастарын қабылдай алмады. Ақыл санасы әлі қалыптаса қоймаған 17 жастағы (бір деректер оны 22 жаста десе, келесі деректер 25 жаста деп көрсетеді) Шарлотта Корде жекелей өз көзқарасымен "революциялық террорға" - террормен жауап беру керек деп шешті.
Шарлотта Корде - Францияда орныққан өзгерістерге Жан Поль Марат себепкер деп ойлады.
Шарлотта Корденің әрекеті "революциялық террорды" тоқтатпай керісінше үдетіп жіберді. Саяси жүйенің қарсыласы деп қабылданғандардың біразы Маратты өлтіруге қатысы бар деген жалған айыппен айыпталып өлтірілді.
- Жан Поль Маратты өлтірген Шарлотта Корде - Мараттан қарағанда радикал әрі сезімтал болған. Бұны сот процесінде айтқан сөздері дәлелдей түседі.
- Шарлотта Корденің әрекеті - билік тізгінің әсіре пайдаланған адамдардың әрекетіне халықтық бір бөлігінің наразылығынан туған жеке адамның ұйғарымы. Шарлотта Корде - қылмыскер. Ол ешқандайда халық қалауын орындаған жоқ.
- Өкінішке орай Шарлотта Корденің әрекетін пайдаланған Франциядағы орныққан саяси жүйелер одан біресе батыр жасаса, біресе қылмыскер жасау таласына түсіп кетті
Сурет ғаламтордан алынды