Найти в Дзене

"Рудный" эффектісі

Қостанай облысына қарасты моноқалалардың бірі Рудный қаласындағы ономастикалық мәселе бойынша жиналыстан шыққан айғай-шу әлі басылмай жатқаны белгілі. Әрине, мұндай жанжалдың шығуына - жергілікті атқарушы биліктің ішкі саясат бөлімінің дұрыс жүргізбеген іс-әрекеті себепші болуы мүмкін. Рудный қаласында көше атаулары - Кеңестік кезеңде де бірнеше мәрте өзгертілген. Славян тілдес атауларды сақтап қалу - Иван Франко есіміне байланысты әсте дұрыс емес. Себебі, Иван Франко Рудный қаласы тұрмақ, Қазақстан аумағына аяқ баспаған. Егер, Иван Франко - жергілікті тарихи тұлға болса түсінуге болар еді. Бір ұлттың Рудный қаласының салыну үрдісін өзіне меншіктеп алып, Кеңестік кезең дәуір кезеңіне жатып алу, сол кезеңнің тарихын қорғау - сыртқы күштердің үгіт-насихатына ергендігінің не посткеңестік дәуірге баяу, әрең аяқ басып келе жатқандығын байқатады. Бір кезеңнің айналасында қалып қойып, жаңа кезеңге аяқ баспау - кері реакцияны тудыруы мүмкін. Бұған балама іздеп, өткен дәуірдің, тіпті өмір сүрге

Қостанай облысына қарасты моноқалалардың бірі Рудный қаласындағы ономастикалық мәселе бойынша жиналыстан шыққан айғай-шу әлі басылмай жатқаны белгілі.

Әрине, мұндай жанжалдың шығуына - жергілікті атқарушы биліктің ішкі саясат бөлімінің дұрыс жүргізбеген іс-әрекеті себепші болуы мүмкін.

  • Рудный қаласындағы славян тілді халықтар өкілдерінің 35 жыл бұрын жойылып кеткен - мемлекетті аңсау шеңберінде қалып-қалып, аңсаушылығы яки сол заманның көрінісін қорғап қалу түсініксіз.

Рудный қаласында көше атаулары - Кеңестік кезеңде де бірнеше мәрте өзгертілген.

Славян тілдес атауларды сақтап қалу - Иван Франко есіміне байланысты әсте дұрыс емес. Себебі, Иван Франко Рудный қаласы тұрмақ, Қазақстан аумағына аяқ баспаған.

Егер, Иван Франко - жергілікті тарихи тұлға болса түсінуге болар еді.

  • Ал "Ұлы Қазан төңкерісіне 50 жыл" көшесіне келсек - бұл көше өз атауын шамамен 1967 жылы алған. Көше бұған дейінде болған.

Бір ұлттың Рудный қаласының салыну үрдісін өзіне меншіктеп алып, Кеңестік кезең дәуір кезеңіне жатып алу, сол кезеңнің тарихын қорғау - сыртқы күштердің үгіт-насихатына ергендігінің не посткеңестік дәуірге баяу, әрең аяқ басып келе жатқандығын байқатады.

Бір кезеңнің айналасында қалып қойып, жаңа кезеңге аяқ баспау - кері реакцияны тудыруы мүмкін.

  • "Ұлы Қазан төңкерісіне 50 жыл" атауын - "Достық" атауымен ауыстыру, Рудный қаласындағы көпұлтты халқын достыққа шақыратындығы сөзсіз.

Бұған балама іздеп, өткен дәуірдің, тіпті өмір сүрген жасына қарамай - толық өмір сүрмеген кезеңді аңсау - түсініксіз иллюзияға әкелуі мүмкін.

  • Рудный эффектісінің келеңсіз жәйттарын жою үшін - жергілік билік пен, жергілікті қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы мен жергілікті тарихшылар ағартушылық мақсатындағы көлемді жұмыстар жүргізуі керек.

Әйтпесе, Рудный қаласы - Қазақстанда қала атаулары баяу өзгеретін қалалардың бірі болып қалуы мүмкін.

Көшеге жаңа атау беру - жәй ғана мекен-жай атауын ауыстыру ғана емес сол көшенің инфрақұрылымын, реңкін өзгерту.

Сурет ғаламтордан алынды