Еліміз Тәуелсіздігін алған кезеңнен бастап - халық жадына жаңа көзқарас ендіру мақсатында Кеңестік тоталитаризм белгілерімен күресіп келе жатқаны белгілі. Бірақ осы саясатты дұрыс жүргізіп жатқан жоқ сияқтымыз. Біз Кеңестік дәуірді Поскеңестік елдер - Балтық елдері мен Украина мемлекеті секілді толыққанды жоққа шығарған жоқпыз. Кеңес дәуірін - кезеңдерге бөліп қарастырып, тарихи баға беруге тырысып жатсақта тарихи тұлғалардың және сол кезеңдерде өмір сүрген адамдардың әрекетіне толық баға беріп жатқанымыз жоқ. Сол кезеңде шыққан әдеби шығармалар - әліде оқытылады. Қазақстанға келмеген Кеңестік жүйенің қаһармандарының есімдерімен әліде көше атаулары аталады. Оларды алып тастауға әрекеттену үшін - үллкен жиындар өткізіп, консенсусқа келу керек болады. Жағымсыз тұлғаның өзі санаулы. Кеңессіздендіру/десоветизация үрдісі оңтүстік аймақтарда дұрыс нәтиже бергенімен, солтүстіктің индустриялды аймақтары мен қазақ халқы пайыздық үлес саны бойынша аз елді-мекендерде өзге ұлт өкілдерінің кеңестік
Біздің елде - кеңессіздендіру/десоветизация саясаты дұрыс жүргізілмей жатыр
27 ноября 202527 ноя 2025
2 мин