Найти в Дзене

Рудный қаласындағы онамастикалық жанжалдың түп-төркіні неде?

Бірнеше күн бойы Қостанай облысына қарасты Рудный қаласындағы ономастикалық жанжал - әлеуметтік желілердің басты жаңалықтарының бірі болғаны белгілі. 1949 жылы ҚазКСР-інің Қостанай облысының аумағында геологиялық зерттеулер арқылы 1955 жылы пайда болған Рудный қаласы темір кеніштерімен белгілі. Қала темір өндірісі - Кеңестік кезеңнен жақсы орынға қойылған. Шамамен 120 мыңдай халық тұрады. Қалада 133 көшедей бар. Қаладағы көшелердің атауының басым бөлігі - кеңестік кезеңдегі тарихи тұлғалар мен қалаға қатысы жоқ адамдарға берілген. Соның бірі Иван Франко - Рудный қаласы тұрмақ Қазақстанда мүлде болмаған. Бүкіл өмірін Австрия-Венгрия империясына қарасты Украин жерінде өткізген, украин халқының тарихи әрі саяси тұлғасы. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі украин радикалдарының көсемдерінің бірі. Рудный қаласындағы көшелердің біріне Иван Франко есімінің берілуі - Кеңестік кезеңде жүзеге асқан болуы мүмкін. Себебі, Иван Франконың радикалдық көзқарасы - Ресей социал-демократтарын

Бірнеше күн бойы Қостанай облысына қарасты Рудный қаласындағы ономастикалық жанжал - әлеуметтік желілердің басты жаңалықтарының бірі болғаны белгілі.

1949 жылы ҚазКСР-інің Қостанай облысының аумағында геологиялық зерттеулер арқылы 1955 жылы пайда болған Рудный қаласы темір кеніштерімен белгілі. Қала темір өндірісі - Кеңестік кезеңнен жақсы орынға қойылған.

Шамамен 120 мыңдай халық тұрады.

Қалада 133 көшедей бар.

Қаладағы көшелердің атауының басым бөлігі - кеңестік кезеңдегі тарихи тұлғалар мен қалаға қатысы жоқ адамдарға берілген.

Соның бірі Иван Франко - Рудный қаласы тұрмақ Қазақстанда мүлде болмаған. Бүкіл өмірін Австрия-Венгрия империясына қарасты Украин жерінде өткізген, украин халқының тарихи әрі саяси тұлғасы. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі украин радикалдарының көсемдерінің бірі.

Рудный қаласындағы көшелердің біріне Иван Франко есімінің берілуі - Кеңестік кезеңде жүзеге асқан болуы мүмкін. Себебі, Иван Франконың радикалдық көзқарасы - Ресей социал-демократтарының радикалдық қанаты большевиктерінің көзқарастарының байланысқан.

Осы орайда Қараша айының 21 күні Рудный қаласының мәслихатының қолдауының қала көшелерінің атауларын өзгерту мақсатында қоғамдық талқылау ұйымдастырылған болатын. Өкінішке бұл талқылаудың арты жанжалға ұласып, видео үзіндісі әлеуметтік желілерге тарап кері реакцияға тап болды.

1967 жылдары өзгертілуі мүмкін "Ұлы Қазан төңкерісіне 50 жыл" көшесін өзгерту күтпеген реакция тудырды.

Иван Франко көшесі - Әлия Молдағұлова, "Ұлы Қазан төңкерісіне 50 жыл" көшесі - Достық деп ауыстыру идеясы мәслихат дептутаттарының көпшілігінің қолдауына ие болғанымен - қоғамдық талқылауға келген азаматтар регламент уақытын сақтамай, бастамашыл топтардың идеясын жүзеге асыртпай тастауға тырысуы түсінбеушілік тудырды.

Ұлы Отан соғысы кезіндегі мергендігімен танылып, Кеңес Одағының батыры атағын алған Әлия Молдағұлова есімін - не себепті Рудный қаласының біраз азаматтарының қабылдамай жатқаны белгісіз?

  • Бұл баспасөз беттерінде ономастикалық мәселенің жан-жақты ашылмауынан болуы мүмкін.

Биыл Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуы Республика көлемінде аталып өтуде. Мұндай мерейтойдан Рудный қаласының тұрғындары жан-жақты хабардар болмауы мүмкін емес. Бірақ Рудный азаматтарының Қазақстанда тұрмаған адамның көшеге берілген атауын - Қазақстанда өмір сүрген адамның атымен алмастыруға қарсы шыққаны белгісіз.

Кеңес Одағының тарағандығына биыл 35 жыл. Өткен ғасырдың 60 жылдары аталған көшенің атауының идеологияның мәні қазіргі сұранысқа жауап бермейтіндігі белгілі.

Мемлекет саясатын жүргізуде ономастикалық өзгертулерді үнемі баспасөзде таныстырып, тарихшылар мен белсенді топтардың бірлескен талқылауынан кейін - бірақ қоғамдық талқылауға шығару дұрыс секілді.

Атқарушы билік - блогерлер мен тарихшылардың көмегіне сүйене отырып, көше атауларын әлеуметтік желілерді таныстырып, заманға сай еместігіне баға беріп отыру керек. Мұндай әрекет Рудный қаласында жүзеге аспаған сыңайлы. Сондықтанда қоғамдық талқылау - осындай қоғамдық реакция тудырды

-2

-3

-4

-5

Суреттер ғаламтордан алынды