Найти в Дзене

Неліктен Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады? Әскери сыртқы фактор

Х ғасырда Еуразия құрлығындағы пайда болған мемлекеттердің тарихында діндер басты рөлді ойнағаны белгілі. Көршілес орыс-украин халықтарының алғашқы протомемлекеті Киев Русі тайпалық бірлестіктерді саяси тұрғыда біріктіру үшін Христиан дінінің православиелік бағытын қабылдағаны белгілі. Осындай үрдісі Х ғасырда өзінің түркілік ареалынан алыстан кеткен, христиан дінінің ықпалындағы халықтардың қыспағына түсе бастаған Хазарлар иудаизм дінін қабылдап, өздерін сақтап қалуға тырысқаны белгілі. Ал ІХ ғасырда ұйғырлар көршілес Тан империясында кең қанат жайып келе жатқан буддизм діні мен батыстан еніп келе жатқан ислам дініне қарсы тұру үшін манихейзм дінін мемлекеттік дін деп жариялаған. Қарлұқтардың жалғасы болып келе жатқан Қарахандықтардың ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялауы 960 жылмен тұспа-тұспа келгенімен қарахандықтар ислам дінімен танысуы Қарлұқ қағанатының құрылу кезеңімен басталады. 942 жылы Қарлұқ қағанатын Қарахан мемлекеті есебінде қайта құрған Сатұқ Боғра хан ислам дінін а

Х ғасырда Еуразия құрлығындағы пайда болған мемлекеттердің тарихында діндер басты рөлді ойнағаны белгілі.

Көршілес орыс-украин халықтарының алғашқы протомемлекеті Киев Русі тайпалық бірлестіктерді саяси тұрғыда біріктіру үшін Христиан дінінің православиелік бағытын қабылдағаны белгілі.

Осындай үрдісі Х ғасырда өзінің түркілік ареалынан алыстан кеткен, христиан дінінің ықпалындағы халықтардың қыспағына түсе бастаған Хазарлар иудаизм дінін қабылдап, өздерін сақтап қалуға тырысқаны белгілі.

Ал ІХ ғасырда ұйғырлар көршілес Тан империясында кең қанат жайып келе жатқан буддизм діні мен батыстан еніп келе жатқан ислам дініне қарсы тұру үшін манихейзм дінін мемлекеттік дін деп жариялаған.

Қарлұқтардың жалғасы болып келе жатқан Қарахандықтардың ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялауы 960 жылмен тұспа-тұспа келгенімен қарахандықтар ислам дінімен танысуы Қарлұқ қағанатының құрылу кезеңімен басталады. 942 жылы Қарлұқ қағанатын Қарахан мемлекеті есебінде қайта құрған Сатұқ Боғра хан ислам дінін алғаш қабылдаған қабылдаған қарахан билеушісі.

Әрине, Сатұқ Боғра ханның ислам дінін қабылдауын 942 жылға дейін шығаратындар бар. Бұлар Шығыс деректерінде аңыз болып айтылатын дерекке сүйенеді. Деректе Сатұқ Боғра ханға билікті иелену үшін мұсылман ғұламалары мешіт салуға бұйырады. Мешіт салып бастаған туысы Оғұлшақ ханмен қақтығысқа түседі-мыс.

Жалпы, Сатұқ Боғра ханның - туысы Оғұлшақпен саяси күреске түскені белгілі. Осы күреске түскен Сатұқ Боғра жеңіске жетіп, Қарахан мемлекетін құрады.

Сатұқ Боғра мен Оғұлшақ ханның арасындағы күреске діни сенім себепкер болды деп айту нақты қиын.

Қарахан мемлекеті 942 жылы құрылғаннан бастап Оңтүстіктегі Самани мемлекетімен қақтығысқа түсе бастады. Қарахандықтар мен Саманиліктер арасындағы қақтығыс қарлұқ кезеңінен басталады. Қарлұқ қағанатының тікелей құлауына себепкер болған осы Саманиліктер.

ІХ ғасырда Орталық Азияда Аббас халифатының әлсіреуімен пайда болған Самани мемлекеті Араб халифатымен саяси қақтығысқа түспеу үшін дін таратушы үшін солтүстік пен шығыстағы шекарасын кеңейтуге тырысты. Ислам дінін тарату жолындағы Араб халифатының әскери қолдауына ие болған Саманиліктер Қарлұқ қағанатының құлауына әсер етті.

VIII ғасырдан бастап ислам дінін қабылдап бастаған қарлұқтар Қарахан мемлекеті пайда болған кезде - ислам дінін қабылдаған халықтың басым бөлігіне айналды.

942 жылы қарахан атауымен қарлұқ мемлекетін қайта қалпына келтірген Сатұқ Боғра хан Саманиліктерге қарсы тұра алмаушы еді.

Себебі, ислам дініне басымдық берген қарахандықтар буддизм мен манихейзм дінін ұстанатын ұйғырлармен қақтығысқа түсіп үлгерген болатын.

Сондықтанда, қарахандықтар өздері құрып жатқан мемлекеттін тұрақты ету үшін діни факторды ескеріп, қарсыластарынан ислам туының ұранын жұлып тастағысы келген болар. Себебі, Араб халифатының қолдауына сүйенген Саманиліктер өздерінің солтүстік көршілерін мұсылман халқы деп есептемеген.

Қарахандықтар 960 жылы ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялай отырып, саманиліктермен арадағы қақтығысты діни тұрғыдан мемлекеттік деңгейге түсіре білді. Яғни, қарахаидтер сыртқы жауға өз қаруымен қарсы тұра білді

Сурет ғаламтордан алынды