960 жылы Қарахан мемлекетінің билеушісі Мұса хан ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялауында - ішкі діни факторды аса назар аударса керек. Өзіне саяси түрде тірек саналған халықтың діни сенімін саяси тұрғыда пайдаланған болуы керек 942 жылы құрылған Қарахан мемлекеті саяси мұрагерлік тұрғысынан Қарлұқ қағанатының жалғасы саналғаны тарихтан белгілі. Қарлұқтар Қарахан мемлекетінің негізін құраушы тайпа саналды. 960 жылы Ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялай отырып Мұса хан осы қарлұқтардың мемлекеттегі саяси, экономикалық және діни жақтағы рөлін ескерген болар. Жалпы 744 жылы Жетісу жеріне ұйғырлардың қысымымен көшіп келген Қарлұқтар ислам дінімен 751 жылдан бері таныс. Яғни Атлах шайқасынан бері. Бәлкім, Мұса қоғамда саяси тұрғыдан өзгерістер алып келе жатқан ислам дінін өз мақсатына пайдаланғанғысы келген болар. Бірақ әкесіне саяси тұрғыдан қолдау көрсеткен мұсылман шайхыларының қолдауына арықарай пайдалана бергендігі жөн деп қабылдағанда болар. Нақты айту қиын. Дегенімен, Ислам ді
Неліктен Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады? Ішкі діни фактор
10 ноября 202410 ноя 2024
23
1 мин