960 жылы ислам дінін Қарахан мемлекетінің мемлекеттік діні деп жарилаған Мұса хан әлбетте, экономикалық факторды ескерген болуы керек. Әрине, оның жанында қазіргідей экономистер болмағаны рас. Мемлекетке сауда экономикалық еніп жататын кірістер мен шығыстар есебін есептеп шығарып отыратын адамдар мемлекет пайда болған заманнан бері бар. 960 жылы ислам дінін мемлекеттік дін жариялай отырып, номиналды түрде Самани мемлекетіне тәуелді болған жизия салығынан босатқысы келген болар. Діни сенім әрқашанда қаржылай қорлануға (қор жинауға) әсер етеді. Мұндай барлық дінде бар. Иудаизмде де, христиан да, исламда да, буддизмде де бар. Бірақ ислам дінінде әлеуметтік ортаны қаржылай қолдау жақсы жолға қойылған. Мұсылмандардың шаруашылық жүргізуіне байланысты зекет және харадж салығын төлейді. Жизия салығын мұсылман мемлекетінде өмір сүріп басқа дінді ұстанатын халықтар төлейді. Мемлекет осы қаржы негізінде құрылыстар жүргізіп, өткір мәселелерді шешеді. Мұса хан 960 жылы ислам дінін мемлекеттік дін
Неліктен Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады? Экономикалық фактор
10 ноября 202410 ноя 2024
35
~1 мин