1947 жылы Үндістанда ағылшындардың отарлық кезеңінің аяқталуымен Үндістан Одағы ыдырып, оның орнына Пәкістан және Үнді Одағы (кейін Үндістан Республикасы) аталған мемлекеттердің пайда болуымен екі елдің шекарасында орналасқан Кашмир аймағындағы діни-этникалық жанжал аймағы пайда болды. Бұл жанжал әліде тұрақталмаған, халықаралық даулы мәселелердің бірі.
Ағылшындардың Үндістаннан кетер уақытта жергілікті діни және ұлттық саяси күштердің талабымен өз отарын екі мемлекетке бөліп кетті.
Бірақ екі мемлекеттің шекарасы анық сызылмаған болды. Бастапқыда шекара сызығы үйлер мен көшелер арқылы өтті.
Бұл бастапқы наразылықтардың тууына әсер етті.
Жаңадан құрылған екі мемлекет өз аумағын діни тұрғыдан бөліске салу әрекеті - бір елден - бір елге көшкен миллиондаған адамдардың көшін туғызды. Бұл екінші мәселе болды.
Діни тұрғыда өз аумағынан өзге елге ниеттес адамдарды қабылдамау - этникалық жанжалдарды тудырды. Өкімет мұндай жанжалдарды қолдаумен болды.
Үндістан құрамындағы ислам дінін ұстанатын халықтар қоныстанған аймақтар Пәкістанға қосылуға ниет білдірген аймақтарда болды. Сонымен қатар ислам дінін ұстанбайтын, бірақ өз әулеттік артықшылығын сақтап қалғысы келіп Пәкістанға қосылуға ниеттестік білдірген индуизм дінін ұстанатын халықты басқаратын Хайдарабад княздығыда болды.
Екі мемлекет арасындағы ең бір даулы мәселелердің бірі - Кашмир мәселесі болды. Мұндағы халықтың басым бөлігі ислам дінін ұстанып, Пәкістанға қосылуға ниеттес болды. Әкімшілікте отырған үнділіктер Үндістанға қосылуға ниеттес болды. Бұл аймақтың мәселесін екі мемлекет аймақтағы жалпыхалықтық плебисцит өткізу арқылы шешпек болды.
Кашмир аймағын Пәкістанға қосылатындығына ниеттестік білдірген Үндістандағы мұсылмандардың бұл қоныстануы байқалды. Бұл жағдайды ушықтырып жіберді. Жергілікті мұсылмандар плебисцит өткізген жағдайда аймақтың Пәкістанға қосылатындығын жақтайтындығын білдіре бастады.
Жергілікті мұсылмандар мен индустар арасында діни-этникалық тұрғыда қарама-қайшылықтар байқала бастады. Тұрмыстық жанжалды өрбітуші радикалдық топтарда болды.
Пәкістан мемлекетін мекендеген жергілікті көшпелі тайпалардың жайылым тапшылығын шешу мақсатында жергілікті мұсылмандар халықтарды қолдау ұранымен басып кіруі Кашмир аймағындағы Пәкістан мен Үндістан арасындағы соғыстың басы болды.
Аймақты басқарып отырған үнділік махараджа Хари Сингх жергілікті мұсылмандардың көңілінен шықпады. Ол Үндістанға бағытталған саясат ұстанды. Аймақты Үндістан құрамында сақтап қалғысы келді және өзін жаңадан пайда болған Үндістан мемлекетінің әкімшілік қызметкері есебінде санады.
Көшпелі тайпалардың Кашмир аймағына басып кіруін тоқтату мақсатында Хари Сингхтың Үндістаннан әскери көмек сұрауы - Пәкістан мен Үндістан арасындағы соғысқа әкелді. Аймаққа Үндістанның қарулы күштерінің енуіне қарсы болған Пәкістан аймаққа өз әскерін жіберді.
Екі мемлекет арасында соғыс қимылдары басталды. Пәкістаннан қолдау тапқан жергілікті мұсылмандар мен көшпелі тайпалар Азад Кашмир (Тәуелсіз Кашмир) мемлекетінің құрылғандығын жариялады. Үндістан тарапы бұған наразылық білдіріп, аймақтың тәуелсіздігін мойындамады. Себебі, аталмыш аймақтың тәуелсіздігі жергілікті жердің азшылығын құрайтын үнділіктермен Пәкістан мен Үндістан арасында жасалған келісімге сай келмейді деп мойындамай қойды.
Кашмир аймағы үшін соғыс Үндістан мен Пәкістан арасында 1949 жылға дейін жалғасты. Аймаққа БҰҰ-ның арнайы мамандары еніп, жанжалды реттегендей болды. Бірақ бұл жергілікті мұсылмандар мен Пәкістан мемлекетінің мүддесінен шықпады. Аймақ үшін соғыс 1965,1971 жылдары болып, жанжал әліде жалғасуда.
Үндістан тарапы өздері бақылайтын Кашмир аймағына әкімшілік статус берген. Бірақ бұл жергілікті мұсылмандардың көңілінен шықпайды. Пәкістан тарапының арандатушылығымен Үндістан бақылайтын Кашмир аймағында жергілікті мұсылмандардың көтерілісіде болып өтті.
Кашмир мәселесі әлі күнге реттелмеген мәселелердің бірі.
Жанжалдың шығуына келгенде Пәкістан мен Үндістан бір-бірін айыптайды.
Үндістан жанжалдың шығуына себепкер деп Пәкістан тарапын айыптай отырып
- 1947 жылы Кашмир аймағына Пәкістан ішкі аймақтарындағы жер мәселесін шешу үшін көшпелі тайпалардың жорығын әдейі ұйымдастырды дейді.
- Үндістан Пәкістанды 1947 жылы Кашмир княздығындағы заңды билік иесі махараджа Хари Сингхты биліктен тайдыру мақсатында көтеріліс, ұйымдастырды. Көтеріліс сәтсіз болғаннан кейін көшпелі тайпалардың жорығын ұйымдастырды деп кінәлайды.
- Пәкістан екі мемлекет арасындағы келісімді бұза отырып, аймақты өз иелігіне қосып алуға ниет білдірді дейді.
- Кашмир аймағында Үндістанның ықпалын әлсірету үшін жергілікті халықтың сепаратистік қозғалыстарына қолдау көрсетеді дейді.
- Пәкістан Кашмир аймағындағы сепаратистік қозғалыстарға қолдау көрсете отырып, Үндістанның аумақтық тұтастығын мойындамайды.
- Пәкістан Кашмир аймағындағы сепаратистік қозғалыстарға қолдау көрсете отырып, Үндістанның аумақтық тұтастығын мойындамай БҰҰ жарғысын орындамайды дейді.
- Үндістан Пәкістан Кашмир аймағын өзіне әкімшілік жағынан қосып алмағандықтан қарулы күштерінің жүруі заңсыз дейді.
- Үндістан Кашмир аймағына махараджа Хари Синхтың өтініші және Үндістанға қосылу келісіміне негізделе отырып кіргендігін айта отырып, Пәкістан тарапының қарулы күштерінің бұл аймақта жүруі басқыншылық дейді.
- Үндістан тарапы өз әскерінің Кашмир аймағына енуін заңдық билік иесі махараджа Хари Сингхтың талап-тілегі негізінде жүзеге асты дейді.
Ал Пәкістан жанжалдың шығуына Үндістан тарапын айыптай отырып
- Жанжалдың шығуына плебисциттің өтуіне мейлінше кедергі жасап, аймақты Үндістанға халықтың пікірін ескерместен қосқан махараджа Хари Сингхты айыптайды.
- Пәкістан тарапы, аймақ Үндістанға қосылмай тұрып, Тәуелсіздігін жариялағанын мысалға алады. Пәкістан тарапы Азат Кашмир мемлекетіне Үндістан басқыншылық жасады. Біз аймақта тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Азад Кашмир мемлекетінің өтінішімен кірдік дейді.
- Пәкістан тарапы Үндістандағы плебисцит өткізу келісімін бұзды деп айыптайды.
- Пәкістан тарапы Үндістанды Кашмир аймағындағы мұсылмандардың талап тілегін ескермейді дейді.
- Пәкістан тарапы Кашмир аймағының Тәуелсіздігі махараджа Хари Сингхтың Үндістанға қосылу туралы келісімінен бұрын жарияланғандықтан Хари Сингхтың өкілеттілігіде, келісіміде заңсыз дейді.
- Пәкістан тарапы Кашмир аймағында Азат Кашмир мемлекетінің өтініші негізінде кіргендіктен Үндістан тарапының бұл аймақта жүруі басқыншылық дейді.
Кашмир аймағының Пәкістан бақылаған аймағы әкімшілік тұрғыдан кірмесе де жергілікті Азад Кашмир сепаратистік қозғалысының талап-тілегі негізінде қамқорлық келісімі жасалған.
Кашмир мәселесінің одан сайын ушықтыратын бір мәселе Пәкістан өзі бақылайтын Аксай Чин аймағын Қытай Халық Республикасына жалға беруі. Қытай Халық Республикасының Аксай Чин аймағындағы өкілеттілігін халықаралық қауымдастық әсіресе Үндістан мойындамайды
Суреттер ғаламтордан алынды