Әлбетте, қазіргі кезде Шри Ланка мемлекетін мекендейтін тамиль халқының мәселесі өткен ғасырдай өткір тұрған жоқ. Тамиль халқының Шри-Ланка өкіметіне қарсы бағытталған сепаратистік қозғалысы 2009 жылы талқандалған. Тамиль халқының Шри-Ланка мемлекетіне бейімделуі біртіндеп бейбіт түрде жүзеге асып келе келе жатыр.
Өткен ғасырда тұтанған болған екі халықтың өзара тартысына - Ағылшын отаршылдары мен діни, ұлттық фактор әсер еткені белгілі.
Жалпы, Шри-Ланканың 20% бөлігін құрайтын Тамиль халқының басым бөлігі Шри-Ланка аралына ағылшын отаршылдары арқылы келген. ХІХ ғасырда Үндістандағы ағылшын отарлық билігі Шри-Ланка аралына қант құрағы мен шай өсіру үшін Үндістанның оңтүстігінен тамиль халқын көшіріп әкелген.
Бірақ Тамильдықтар өздерін Шри-Ланка аралының тұрғылықты халқымыз деп есептеп, аралға ағылшын арқылы келгендігін жоққа шығарады. Бұл ХІХ ғасырдың аяғынан бастап қоныстана бастаған тамиль халқының бірнеше ұрпағы осы жерде өсіп өңгеннен емес - олар ортағасырларда бұл жерде тамиль халқының ұлттық мемлекеті Джафна патшалығының құрылғандығын мысалға алады. Джафна патшалығы 1215-1619 жж. Шри-Ланка аралының солтүстігінде өмір сүрген. Үндістан түбегінің оңтүстігін мекендеген тамиль халқы Үндістан жерінде де бірнеше мемлекет құрғанымен олар кейін ағылшын отарлаушылары қарсы тұра алмай, Үндістан вице-корольдігінің құрамына еңген. Бір қызығы Үндістандық тамильдер Үндістан Республикасы құрылған кезде сикхтер секілді бөлектену қозғалысын бастамаған. Үндістандық тамильдердің Дели өкіметімен қарым-қатынасы жақсы. Үндістан Республикасы Тамиль халқының мәдени дамуына қолайлы жағдай жасаған. Сондықтан болса керек тамильдықтар Үндістаннан бөлінуге талпынбайды.
Тамильдықтардың Үндістандағыдай жағдайы Шри-Ланкада қалыптаспады. Шри-Ланка мемлекеті құрылған тұстан бастап осы жердің басым бөлігін құрайтын Сингал халқы Тамильдықтарды қабылдамады. Сингалдықтар Тамильдықтарды сырттан келген кірме халық деп есептеп, оларды аралдың тұрғылықты халқы деп мойындаудан бас тартты.
Сингал халқы мен тамиль халқын тілдік айырмашылық ғана бөліп тұрған жоқ діни жағынан сенімі бөлек. Сингалдықтар буддистер, Шри-Ланкада буддизм дінінің қасиетті нышаны Шакья Муни Гаутама Будданың тісі сақталған. Ал Тамильдықтар индуизм дінінің өз ұлтына бейімделген түрін ұстанады. Тамильдықтар индуизм дінін ұстана отырып, Шри-Ланка жерін келуін Рама құдайыменде байланыстырады.
Тамильдықтар мен сингалдар арасында Шри-Ланка аралына кім бірінші келді деген айтыста болған. Бұл мәселе тамильдер мен сингалдықтар арасындағы жанжалда көпіртіп жіберушілерде болған.
Тамиль халқы мен сингал халқы арасындағы келіспеушілік діни, ұлттық, тілдік тартыстан кейін тұрмыстық жанжалға ұласып, төбелестер мен қақтығысқа әкеліп, студент жастар арасындағы жанжалдан қарулы қақтығысқа әкелген.
Екі халықтың арасындағы жанжалдың ушығуына Сингал ұлтшылдарының Тамиль храмдарына өрт қойып, көне қасиетті кітаптардың өртелуі себеп болды. Тамиль халқының 100 мыңдаған кітаптарының өртелуі - ұлттық бірігуге, өзін-өзі қорғауға итермелеген. Бұл бірігуге қақтығыстың қызған шағында Үндістандағы Тамиль-Над штатын мекендейтін тамильдықтар қаржылай қолдау көрсетіп, қарулы қарсыласу ошақтарының пайда болуына әсер еткен. Үндістанның бұл аймағында Тамиль халқының "Тамиль Иламды азат ету жолбарыстары" ұйымының әскери бөлімдері құрылды. Бұл ұйымға Үндістан үкіметі бейресми қолдау да қолдау көрсеткен.
Тамиль ұлтшылдарынан құрылған "Тамиль-Иламды азат ету жолбарыстары" ұйымы Тамиль халқының атынан 1948 жылы құрылған Сингал халқының Шри-Ланка Республикасын мойындамайтындығын білдіріп, аралда өздерінің ұлттық мемлекетін құратындығын жариялаған.
Шри-Ланка өкіметіде Тамильдық зиялы қауымды өз жағына тартып, қақтығыстың алдын алуды ойластырмай, 1948 жылы құрылған Шри-Ланка Республикасын бір ұлттың мемлекеті деп таныстырып, тамиль халқының ұлттық ерекшелігін мемлекеттік деңгейде танудан бас тарттан болатын.
Бұл шешімді мойындаудан бастартқан Тамиль халқының радикалдық жастар қанаты Шри-Ланка мемлекетінен бөліну үшін қанды қозғалысын бастап кеткен болатын. Бұл қозғалыс екі жақтан мыңдаған адамдардың өміріне әсер етті. Екі оттың ортасына қалған мыңдаған адамдар шетелге мәжбүр болған.
Үндістандағы тамиль халқының қаржылық және зиялы қауымының ықпалымен сол кездегі Үндістан премьер-министрі Раджив Гандиден жанжалға кіріккен. Үндістан Шри-Ланкаға бітімгершілік күштерін еңгізіп, жанжал бәсеңдегенімен "Тамиль Иламды азат ету жолбарыстары" террористік ұйымы премьер-министр Ранжив Гандиге қастандық жасап, өлтіріп тынды.
Раджив Гандидің қайтыс болуымен Үндістан өзінің бітімгершілік күштерін Шри-Ланкадан шығарып алды.
2009 жылға дейін созылған соғыс Шри-Ланканы азамат соғысына әкелді. Үлкен ресурстарды жұмылдыра отырып, сырттан қарыз ала отырып Шри-Ланка өкіметі Тамильдардың бүлігін талқандап, "Тамиль Иламды азат ету жолбарыстары" ұйымын жойып тынды.
Төрт рет қайталанған сингалдар мен тамильдар арасында 800 мыңнан астам тамиль халқы Шри-Ланкадан басқа жерге кетуге мәжбүр болды. Мыңдаған адамдар қаза тапты. 150 мыңға жуық адамдар жоғалып кетті. Тамильдықтар Шри-Ланка аралының солтүстігінде өз мемлекетін құра алмады.
2009 жылдан бері талқандалған тамиль сепаратистері біртіндеп бейбіт өмірге көшіп жатыр. 2022 жылғы президент пен премьер-министрді елден қуған төңкеріс - ел ішінде жылдар бойы тамиль бүлікшілерімен күрес шеңберінде көмескіленіп қалған жемқорлық, әлеуметтік әділетсіздік, сыртқы қарыз мәселесін бұқараның алдына шығарды. Ел біртіндеп болса демократиялық жаңару үрдісіне аяқ басып келе жатыр. Саясат сахнасына келетін жаңа күштер елдің 10% құрайтын 2 миллион халықпен санасатын болатын шығар. Себебі, депуттар мен президентке өзіне дауыс беретін халық керек. Әрине 21 милиондық сингалдықтар 2 миллиондық тамилдықтармен санаса қояр ма екен? Ол жағын уақыт көрсетеді.
Ал қазіргі таңда тамиль тілі сингал тілімен бірдей деңгейде мемлекеттік тіл мәртебесінде, Солтүстік әкімшілік ауданында тұратын халықтың басым бөлігі тамиль тілінде сөйлейді. Мыңдаған адамдардың өміріне әсер еткен азамат соғысы Шри-Ланка қоғамы біртіндеп ұмытылуда. Елдің солтүстігін қоныстанған тамиль халқының жастар бөлігі мен зиялы қауымы қазіргі кезде "Тамиль Иламды азат ету жолбарыстары" ұйымы ұйымдастырған азамат соғысын айыптау үрдісіне түскен. Бәлкім, орталық үкіметтің дұрыс жүргізіп жатқан саясатының қадамдарының жемісі болар