Найти тему

Эмиль Золя мен Альфред Дрейфусты ортақ не байланыстырады?

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі Франциядағы Үшінші республика кезеңіндегі атақты сот процесттерінің бірі Германия тарапына берілген құпия мәліметтердің ашылуы еді. Бұл құпия мәліметтердің берілуі бойынша Франция Республикасының Бас штаб капитаны Альфред Дрейфус айыпталған болатын. Дрейфус ісі 1894 жылы басталып, 1906 жылы аяқталған болатын. Басты айыпталушы Дрейфусты біресе сот өмір бақиға, келесі он жылға соттап ақыр аяғы ақтап шығарған болатын.

1870 жылдан бастап Германия мен Франция ымыралассыз жау елдердің қатарынан болған болатын. Франция 1870 жылғы соғыста өз жерінен айырылып, Германияны Еуропадағы басты қарсыластарының қатарында санады. Франция мен Германия бір-бірімен соғысу үшін дайындала бастады.

1894 жылы Германия тарапына құпия мәліметті берілген Альфред Дрейфустың азаматтығы Француз болғанымен, ұлты еврей болды. Осы мәселе қоғамдық қарым-қатынасты ушықтырып жіберді. Бәлкім, Дрейфус ісі еврейлердің Таяу Шығыста өз мемлекетін құруға талпынысын тудырған Сионизм қозғалысын жеделдеткен болса керек.

Альфред Дрейфустың айыбының дәлелденбегеніне орай белгілі журналист Эмиль Золя Орор газетінде араша түсіп, "мен айыптаймын" мақаласын жариялады. Осы мақала Дрейфуске байланысты туындаған қоғамдық пікірді өзгерте бастады. Альфред Дрейфуске қолдау көрсеткені үшін саяси қудалау көрген Эмиль Золя Англияға кетуге мәжбүр болды.

Неге Эмиль Золя Альфред Дрейфуске араша түсті?

Бірінші Эмиль Золя әділетсіздікке душар болып, қуғын көрген өз елінің азаматына араша түскісі келген болар.

Екіншіден Франция Республикасының азаматтық еркіндігі мен әділеттілігін арқау еткен социалистік идеологияға жақын болғаннан болар. Ол кезде социалистік бағыттағы журналистер мен жазушылар арасында әділдік мәселесі басты тақырып болды.

Үшіншіден, қылмыстық істегі шикілікке байланысты өз ойын қоғамға жеткізуге тырысты

Жалпы, Эмиль Золя мен Альфред Дрейфусты ортақ не байланыстырады?

Олар: Француз республикасының азаматы, екеуін байланыстырып тұрған қоғамдағы әділетсіздік (біреуі жапа шегуші, екіншісі оған араша түсуші)

Сурет ғаламтордан алынды