Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене

Франциядағы Дрейфус ісі. Эмиль Золя "мен айыптаймын" деген мақаласын жариялай отырып, кімді, нені айыптады?

1894 жылы Францияда құпия мәліметті көрші Германия мемлекетіне беру әрекеті жарияланып, Бас штаб капитаны Альфред Дрейфус ұсталған болатын. Капитан Альфред Дрейфустың сот процесі тарихта "Дрейфус ісі" деген атпен қалды. Бірақ бірнеше рет өткізілген сот процесінде басты айыпталушы Альфред Дрейфус өз кінәсін мойындамай, айыптау жақ оның кінәсін толық дәлелдей алмады. Сот процесінде басталған қоғамды резанансты оның ұлты еврей болғандығы басты роль атқара бастады. Альфред Дрейфуске араша болып түскен белгілі жазушы журналист Эмиль Золя болды. Ол "Дрейфус ісіне" байланысты "мен айыптаймын" атты мақаласын жарыққа шығарды. "Орор" газетінде жариланған Эмиль Золяның "Мен айыптаймын" атты мақаласы қоғамдық пікірді Альфред Дрейфус жағына қарай өрбуге көмектесті. Бұл мақала сол кездегі Франция Республикасының президенті Феликс Форға өтініш, үндеу ретінде жазылды. Мақалада Альфред Дрейфустың айыпталуын айғақтарға байланысты ақтап алуға шақырды. Себебі, сотталып жатқан адамға амнистия беретін не іс

1894 жылы Францияда құпия мәліметті көрші Германия мемлекетіне беру әрекеті жарияланып, Бас штаб капитаны Альфред Дрейфус ұсталған болатын. Капитан Альфред Дрейфустың сот процесі тарихта "Дрейфус ісі" деген атпен қалды. Бірақ бірнеше рет өткізілген сот процесінде басты айыпталушы Альфред Дрейфус өз кінәсін мойындамай, айыптау жақ оның кінәсін толық дәлелдей алмады.

Сот процесінде басталған қоғамды резанансты оның ұлты еврей болғандығы басты роль атқара бастады. Альфред Дрейфуске араша болып түскен белгілі жазушы журналист Эмиль Золя болды. Ол "Дрейфус ісіне" байланысты "мен айыптаймын" атты мақаласын жарыққа шығарды.

"Орор" газетінде жариланған Эмиль Золяның "Мен айыптаймын" атты мақаласы қоғамдық пікірді Альфред Дрейфус жағына қарай өрбуге көмектесті.

Бұл мақала сол кездегі Франция Республикасының президенті Феликс Форға өтініш, үндеу ретінде жазылды. Мақалада Альфред Дрейфустың айыпталуын айғақтарға байланысты ақтап алуға шақырды. Себебі, сотталып жатқан адамға амнистия беретін не істі қайта қарауға жарлық шығара алатын тұлға президент болды.

Эмиль Золя мақаласын "мен айыптаймын" дей отырып, Франциядағы соттың әділдігіне, қоғамдық пікірге шек келтірді. Франциядағы еркіндік, теңдік, бостандық ұранын негізге ала отырып, Францияда азаматтардың ұлтына қарамастан тең екендігін айтты.

Эмиль Золя өз мақаласында кімді айыптады? Сот процесіндегі басты айыптаушы мен Дрейфусты басты кінәлі еткен азаматтарды айыптады.

Эмиль Золя нені айыптады? Альфред Дрейфус есімі аясында өрбіп жатқан дақпырттар мен жалған ақпарат таратушы журналистерді, олардың жалған ақпаратының қоғамға әсерін айыптады.

Эмиль Золя осы мақаласы үшін саяси қудалау көріп, Англияға кетуге мәжбүр болды. Кейін қайтып келді.

Альфред Дрейфус ісі 1906 жылға дейін жалғасып, ақталып, әскери қызметіне қайтып келді. 1914-1918 жж. бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, құрметті легион орденімен наградталды

Сурет ғаламтордан алынды