XV ғасырдың ортасына таман Орталық Азиядағы Ойрат тайпалары күшейіп, көрші елдерге шапқыншылық жорықтарын бастады. Ойраттардың жойқын шабуылдарына Орталық Азиядағы Көшпелі өзбектер мен Моғолстан мемлекеті тап болды. Моғолстанға бағытталған ойраттардың шабуылы билік үшін таласты туғызды. Ойраттармен соғысып жатқан Есенбұға ханға буыры Жүніс сұлтан қарсы шықты. Моғолстанда өзара соғыс басталды. Моғолстан мемлекетіне көрші Темір мемлекеті Жүніс ханды қолдады. 1428 жылы Ақ Орда мемлекетінің жойылуымен дүниеге келген Көшпелі өзбек мемлекетін құрушы Шайбан әулеті сырттан келген болатын. Көшпелі өзбек мемлекетінің негізін құрушы Әбілқайыр хан өз билігін ұстап қалу үшін қатаң саясат ұстанды. Көршілерімен үздіксіз соғыс жүргізді. 1457 жылы Әбілқайыр ханның ойрат көсемі Үз Темір тайшыдан жеңілуі - Көшпелі өзбек мемлекетін саяси дағдарысқа әкелді. Ақ Орда хандарының ұрпағы болып саналатын Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр ханға қарсы шығып, қарамағындағы халықпен Моғолстанға көше бастады. Ойр
XV ғасырдың екінші жартысындағы Моғолстан мен Әбілқайыр мемлекеттеріндегі оқиғалар қандай саяси өзгерістерге әкелді?
9 марта 20249 мар 2024
5
1 мин