Найти тему

Неге ертеректегі римдіктер, гректер және қытайлықтар көшпелілерді "тағылар" деп атады?

Әрбір кезеңде әртүрлі аймақтарда қоныстанған халықтар өзінің деңгейін жоғарылатқан сайын, көршілерді өздерінен даму деңгейінен кенде қалып қалған деген ойға келеді. Әрине, бұл алдамшы түсінік. Көбіне бұл түсінікке отырықшы халықтар бейім келеді.

Жоғарыда аталған римдіктер, гректер және қытайлықтар өзен, теңіз бойын мекендеген отырықшы халықтар санатында. Сонымен қатар осылардың әрқайсысы өзіне тән өркениеттерді қалыптастырғанында атап өткенін жөн. Бірақ көшпелілер өркениеті деген түсінікте бар. Дегенімен, тарихта, философияда, саясаттануда мәдениетті отырықшы және егінші халықтар қалыптастырады деген қате түсінік бар.

Өзен бойын мекендеген қытайлықтар халықтың тығыздығынан сұранысқа сай өздеріне мекен жерінде өнертабыстарды тудыра білді. Мемлекет қалыптастырды. Философиялық мектептер пайда болды. Осы философиялық мектептерден шыққан ойшылдар Қытайды - "Аспан астында ел" (Құдайдың астында ел не әлемнің ортасы) деген түсінік қалыптастырды. Осы түсінікке сай Қытайды қоршап тұрған елдер тағылар. Яғни жабайылар деп қабылданды. Әсіресе, көшпелілер. Көшпелілердің натуралдық шаруашылықпен айналысуы - оларды даму деңгейінен қалып қалған деген ой туғызды. Көшпелілердің өмір сүру кеңістігі - қатаң әрі отырықшылыққа бейімделмеуі қарастырылмады. Көшпелілердің өзіне тән мәдени ерекшелігі, тұрмыс-салты барлығы Қытайдың саяхатшыларының еңбегінде айтылғанымен. Оларда көшпелілерді тағылар деп қабылдады.

Ал Римдіктер мен гректерде Қытайлықтар сияқты географиялық тұйық ортадан шығып, көршілерін бағындыра отырып, - шаруашылығы ұқсас болмаған Герман, Гот, Скиф халықтарын "тағылар" деп қабылдады. Иә, римдіктер мен гректерде Қытайлықтар сияқты философтар болды. Жазба әдебиеті оқырмандарға әсер ете алатындай жағдайда болды. Әскери күш қуатын арттырған Римдіктер өздерінің ерекшеліктерін көршілерге сіндіре отырып, өздерін олардан биіктеп қабылдады.

Римдіктерде, гректерде және қытайлықтар көшпелі халықтардың жазылған заңдардан қарағанда ауызша жететін, тәрбиелік дәстүрге сүйенетіндігін қабылдамады.

Римдіктер мен қытайлықтардың үздіксіз көшпелілерден зәре-зап көруіде оларға деген жек көрініштілікті арттырды. Осы жек көрініштілік дүниетанымға әсер етті.

Отырықшылықпен осы дамуын жоғарылатқан халықтар - көшпелілердің өмір сүруін қабылдай алмады. Бұл қабылдай алмаушылық саяси басқаруда, әскери өнерде, философиялық мектептерде көрініс тауып, тарихшылардың, саяхатшылардың еңбектерінде баяндалды

Сурет ғаламтордан алынды