Өркениет деген ұғымның көптеген мағынасы бар. Осы саланы зерттеген әрбір ғалым өркениет деген ұғымға өз түсінігін берген. Бір ғалымдар өркениет ұғымын - шаруашылық жағынан қарастырса (отырықшы, көшпелі) Екіншілері - діни тұрғыда қарастырған болатын (христиан, ислам, буддизм). Үшіншілері өркениет ұғымын аймақтық жағынан қалыптастырған болатын (Қытай, Үндістан, Мессопотамия) Әрине, әрқалай топшылауымызға болады. Бірақ көшпелілер өркениетінен тыс қалыптасқан өркениеттердің барлығы дерлік өзен бойы мен теңіз жағалауларында қалыптасқан. Ежелгі заманнан бастап өзен мен теңіздердің жағалауы тіршіліктің көзі ғана емес, қауіпсіздіктің нышаны болды. Бастапқы соғыстарда осы өзен бойын иелену үшін болған. Аймақтық өркениеттер өзен мен теңіз жағалауында қалыптасты: Адамдар ежелгі заманнан тіршілігін қамтамасыз ету үшін өзен бойын қоныстанған. Өзен суларын тіршілікке және егістікке пайдаланған. Мәдени дәнді дақылдар өсірген. Отырықшылыққа бейімделген. Баспаналарын салған. Егістік алқаптарын ұлғайту
Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды?
2 марта 20242 мар 2024
37
1 мин