Б.з.б. ІІ ғасырынан бастап Чжан Цянның батысқа сарапынан бастап Қытай деректерінде кездесетін үйсіндер - өздерінің мемлекеті құлағанға дейін Қытай деректерінде айтылып, әулеттік Цинь, Хань әулеттерінен мойындалды. Әрине, отырықшы Қытайлық Хань әулеті - үйсіндерді тағы деңгейінде қарастырды. Дегенімен, екі елдің құдандаласқаны тарихтан белгілі. Үйсін Гуньмосы Қытай ханшасын алу үшін мың жылқы төлеген. Бастапқы кезде Үйсін еліне сіңісе алмаған Қытай ханшасы елін аңсап "Аққу" әнін шығарғаны айтылады. Қытай тарихшылары: Чжан Цянь, Бань Гу, Сыма Цянь еңбектерінде үйсіндердің шаруашылығы мен мемлекеттік деңгейі жақсы жазылған. Тіпті Қытай тарихшылары Үйсін мемлекетінің астанасы туралы ақпарат қалдырады. Астанасын Чигучен (Қызыл аңғар) деп атайды. Қытай тарихшылары бірауыздан Үйсіндердің бірлестігін Усун-го деп атайды. Го дегеніміз - қытайша мемлекет деген мағына береді. Қытай жазбаларында Үйсіндердің гуньмо Ними, гуньмо Уцзюту, гуньмо Цылыми, гуньмо Ван-Гуйми, гуньмо Ваньнянь деп аталатын
Қытай авторлары үйсіндердің өмірін қалай сипаттады?
15 февраля 202415 фев 2024
12
~1 мин