Түп тамырын сонау б.з.б. VIII ғасырлардан бастайтын Грек өркениеті өзінің негізін аралдық қоныстардан бастайды. Қалалық мемлекеттердің басым бөлігі ежелгі аңыздарда аралдарда орналасқан. Әрине, грек өркениетін б.з.б. ХІІ ғасырлардан бастайтын. Тіпті Б.з.б. ІІ мыңжылдықтардан бастайды деп топшылайтындарда бар. Жалпы, аралды қоныстар мен Балқан түбегінде өмір сүрген протогрек халықтары өздерінің қоныстарының жайсыздығына байланысты - теңіз саудасымен көп айналысқан. Грек жерлері тасты болып келеді. Осы тасты мейлінше пайдаланған гректер мүсін өнерін дамытты. Саяси бытыраңқы өмір сүргеннен болар ежелгі гректерде политейстік діни сенім қалыптасты. Балқан түбегінің үш жақтан теңізбен қоршап тұруыда - ежелгі гректердің өмірі мен шаруашылығына, аңыз-әңгімелерінің шығуына әсер етті. Жердің қолайсыздығы мен халықтың көптігі - мәселені бірлесіп шешуге итермеледі. Осылайша демократиялық басқару пайда болды. Грекия жерінің орталығы мен солтүстігі ғана егіншілікке қолайлы. Ол жерлерді солтүстіктен
Ежелгі Грекия өркениеті бастауын қайдан алады?
26 февраля 202426 фев 2024
170
1 мин