1954 - 1956 жж. болған Тың игеру науқаны 60 жылдардың ортасына дейін жалғасты.
Тың игеру негізінен - ауылшаруашылығына бағытталғанымен, сол кездегі Қазақстанның солтүстігінің урбандалуына өзсептігін тигізді.
Тың игеру жылдары - Қазақстанға жолдамамен 2 млн адам келген болатын. Осы 2 млн адамның 10-20% қалалық жерде қалып қойды. Себебі, олардың ауылшаруашылығы саласы бойынша ғылыми дәрежесі болды, тіпті кейбірі комсомолдық жолдамамен жіберіліп, қалалардың құрылысына көмектесуде жерсініп қалып қойды.
Келген адамдардың біразы Целиноград (қазіргі Астана) мен Қостанай қаласында қалып қойды.
Целиноград қаласы сол кездегі Тың игеру өлкесінің бейресми орталығы болды.
Қостанай облысы қара топырақты құнарлы аймақ болған соң - агрономдардың қажеттілігін туғызды.
Тың игерумен қалалар мен ауылдар бой көтерді. Қалалардың маңынан элеватор салынды. Жұмыс күші керек болды. Қазақстанның өз тарапынан жұмыс тартуына қауқары жетпеді және халық саны аз болды.
Тың игеруге жіберілген - агрономдар, механизаторлар ауылда қалса - ғылыми ғызметкерлер, техниктер, құрылысшылар қалалы жерде қалып қойды
Сурет ғаламтордан алынды