Соғыстан кейін КСРО-да ең өткір мәселелердің бірі қираған қалаларды қалпына келтірумен қатар миллиондаған халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету болды. Сталин қайтыс болғаннан кейін партия мен үкімет билігіне келген Н. С. Хрущев осы мәселені шешуге тырысты. Себебі, үкімет миллиондаған Кеңес азаматтарын тамақтандыру үшін бидай, жүгері, арпаны сырттан алып отырды. КСРО КОКП хатшысы есебінде "Тың және тыңайған жерлерді игеру" туралы бастама көтере отырып, Н.С. Хрущев билікте өзін орнықтырып ғана қоймай, ауылшаруашылығында жаңа жұмыс орындарын ашуды мақсат еткені анық. Ресейдің ішкі аудандарындағы халықтың тығыз қоныстануында шешкісі келген болар. Партия хатшысының ұйғаруымен басталған бұл бастама мемлекеттік бағдарлама айналып, комсомол жастарынан қолдау тапты. Қазақстан, Сібір, Орал, Еділ бойы және Солтүстік Кавказда егістікке жарамды бос жатқан жерлер егістік мақсатында жыртылу керек болды. Тың игерудің негізгі аймағы Қазақстан саналды. Тың игеруге аттанамын деушілерге 1954-1956 жж. жоспа
Неліктен ХХ ғасырдың 50-60 жылдары қазақ тілі мен мәдениетіне қауіп төнді?
23 января 202423 янв 2024
5
1 мин