XV ғасырдың аяғында басталған ұлы географиялық ашылулар - адамдарға жер шарының жаңа кеңістігін ашып бергені даусыз. Еуропалық ұлы географиялық ашылулардың басында португалдықтар мен испандықтардың тұруы жәйдан-жәй емес. Бірақ бұл португалдықтар мен испандықтардың ұлы географиялық ашылуларға дайындалғанында емес. Тіпті бұл үрдіске Құдай осы халықтарды таңдап алды - деп айтқанымызда жөнде болмас. Жәй ғана ұлы географиялық ашылуларға - аталмыш халықтардың ұлт болып қалыптасу үрдісі тұспа-тұс келді десек дұрыс айтқанымыз болар...
1492 жылы Х. Колумб басқарған испан экспедициясының Үндістанға барар жолды Осман түріктері жауып тастауымен батысқа қарай саяхаты басталып, жаңа жерлердің ашылуларына әсер етті. Х. Колумб басқарған экспедициясы жаңа жерлерді ашып ғана қоймай, сол жерлерге бекініп қалуға тырысты. Испан королі Х. Колумбты жаңа ашылған жерлердің вице-королі деп жариялады. Испандықтар Х. Колумб экспедициясымен шектеліп ғана қоймай, бірнеше экспедиция жіберіп, Мексика мен Перуді басып алды. Испандықтардың артынан шыққан...