Қазақ ру-тайпалық бірлестігінің - Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз атану себептері:
Аталмыш этнологиялық, тарихи сұрақпен айналыспаған тарихшы кемде-кем шығар. Тіпті, шетелдік зерттеушілерде өз пікірін айтып, жорамалын хатқа түсірген. Мұндай ізденістерді - Ш. Уәлиханов, В. Бартольд, М. Вяткин, С. Аманжолов, Т. Сұлтанов, С. Мұқанов, Б. Ахмедов өзінің теориялық негіздемелерін айтқан болатын. Аталмыш тақырыппен айналысушы тарихшыларда баршылық. Осыдан, он шақты жыл бұл магистратурада оқып жүрген кезде бізге сабақ берген Зарықбек Сламбекұлы жүз ұғымын - беткей деп түсіндірген болатын...
С.Датұлы Кіші жүз қазақтарының қандай құқықтарын қорғауды көздеді?
Сырым Датұлы қазақ тарихындағы ерекше тұлғалардың бірі. Әрине, бұнымен кейбір азаматтар келісе қоймас. Енді оны өздерінің ұйғарымына бердік. Ресей империясының отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде ұлынан айырылып, Хиуа ханына мен он екі ағайынды емеспін - екі ағайындымын. Халқым және мен бір анадан туғанбыз деп жауап берген ер азамат. Бұл ел ішінде тараған. Шындықта болуы мүмкін, жалғанда болуы мүмкін. Үздіксіз 14 жыл отаршылдық билікпен соғыс өзге елде қайтыс болғанында естіген елі жиналып ас берген...