Найти в Дзене
Түркістан облысында жоғалған 4 жасар баланың денесі табылды Үш күн бойы іздестірілген бүлдіршін көрші үйдің кәріз құдығына түсіп кеткен екен. Баланың денесінен зорлық-зомбылық пен қандай да өлім белгілері табылмаған. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
2 года назад
Сүйінші, Димаш Құдайберген ұлдарыңыз «Ағайынды Карич қоры» сыйлығына ие болды «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын бұрын әлемге әйгілі ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және өнер қайраткерлері алған. Айталық, физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Ж. Алферов, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты П. Хандке, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев, теннисші Н. Джокович осы марапатқа ие болған.
2 года назад
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады Кездесу барысында қорғаныс саласында атқарылған жұмыстардың қорытындысы және әскердің жауынгерлік дайындығына қатысты жаңа тәсілдер, оқу базасы мен полигондардың жай-күйі туралы баяндалды. Руслан Жақсылықов мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау мәселесіне, ұшқышсыз ұшатын ұшақ кешендерін, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қару-жарағын, жаңғыртылған бронды техника мен байланыс құралдарын қоса алғанда, авиациялық техниканың жаңа үлгілерімен қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру барысы, әскери қызметшілердің мәртебесі мен оларға берілетін ақшалай қаражатты арттыруға бағытталған шаралар туралы мәлімет берді. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ аясында жүзеге асырылатын миссияларға қатысу үшін қазақстандық бітімгерлік контингенттің әлеуетін арттыру қажет екенін атап өтті.
2 года назад
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық волонтер күнімен құттықтады – Бүгін – Халықаралық волонтер күні. Біз өзгеге қол ұшын беретін жандарды әрдайым құрметтейміз. Еріктілер мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, тілектестік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. «Адал азамат» тұжырымдамасының тірегі – осы мызғымас құндылықтар. Қоғамға пайдалы іс-шараларға атсалысатын, қайырымдылық жобаларын жүзеге асыратын және мұқтаж адамдарға қамқорлық танытатын барша азаматтарға алғыс айтамын. Сіздердің жасампаздыққа толы қызметтеріңіз – шынайы отаншылдықтың көрінісі. Мемлекет волонтерлерге қолдау көрсете береді, – деп жазды Президент өзінің Х парақшасына.
2 года назад
Израиль төрт күндік келісімнен соң Газа аумағындағы тұрғын үйлерді әуеден атқылап жатыр. Премьер-Министр Биньямин Нетаньяхудың кеңесшісі Марк Регев не үшін мұндай әрекетке барып жатқандарын түсіндірді. «Егер біз қандай да бір нысанға соққы берсек, онда Хамас мүшелері жасырынып отыр деген сөз», – дейді ол.
2 года назад
Если нравится — подпишитесь
Так вы не пропустите новые публикации этого канала