УЕФА vs. Манчестер Сити (1)
Қаржылық фейр-плей ережелеріне шолу жасаған кезде бұл реттеудің кейбір сәттерде тиісті түрде жүзеге аспайтыны туралы жазғанмын. Осы постта нені меңзегенім туралы жаза кеттім, яғни УЕФА мен «Ман Сити» арасындағы ҚФП бұзылу негізінде орын алған дауды талдауға кірістім. Оған қоса, мақалада УЕФА ҚФП ережелерінің бұзылуы жайлы кейстерін басынан бастап соңына дейін қалайша жүзеге асатыны туралы да мәлімет бар.
Істі қозғау механизмі Қаржылық фейр-плей реттеулеріне сәйкес «УЕФА» жарыстарына қатысатын клубтар...