Найти в Дзене
УЕФА vs. Манчестер Сити (1)
Қаржылық фейр-плей ережелеріне шолу жасаған кезде бұл реттеудің кейбір сәттерде тиісті түрде жүзеге аспайтыны туралы жазғанмын. Осы постта нені меңзегенім туралы жаза кеттім, яғни УЕФА мен «Ман Сити» арасындағы ҚФП бұзылу негізінде орын алған дауды талдауға кірістім. Оған қоса, мақалада УЕФА ҚФП ережелерінің бұзылуы жайлы кейстерін басынан бастап соңына дейін қалайша жүзеге асатыны туралы да мәлімет бар. Істі қозғау механизмі Қаржылық фейр-плей реттеулеріне сәйкес «УЕФА» жарыстарына қатысатын клубтар...
2 года назад
Қапталдағы жасанды қорғаушыларды жіктеу
Бүгінгі мақала жасанды фулбэктердің маңыздылығы, олардың функционалдық жіктелуі және сол рөлдерді ойнау үшін қандай ойын қабілеттеріне ие болу керектігіне арналған. Гвардиола Джон Стоунсты оң қапталдағы жасанды қорғаушы позициясына ауыстырып, командасының тұрақты ойнау конфигурациясын тапқан сияқты. Аталған өзгеріс арқылы «Сити» треблге қарай келе жатқан қарқыны мен «Канселу неліктен Зинченконы алмастыра алмады» бейнесі осы мәтінді жазуға итермеледі. Футбол – ұдайы түрде дамып, эволюциясын тоқтатпайтын ойын...
2 года назад
Негізгі статистикалық және тактикалық терминдер
Статистикалық терминдер: xG (expected goals) – команда не ойыншы матчта қанша гол соғарлық мүмкіндік иеленгенін сипаттайтын көрсеткіш. xA (expected assists) – команда немесе ойыншы неше нәтижелі пас беру керектігін көрсететін статистика. NPxg (non-penalty expected goals) – пенальти және автоголсыз xG көрсеткіші. xGA (expected goals against) – қарсылас команданың xG көрсеткіші. xPTS (expected points) – команданың турнирде қанша ұпай алу керектігін xG және xGA негізінде есептейтін статистика. PPDA...
2 года назад
Қаржылық фейр-плей реттеулері топ клубтардың пайдасына әрекет ете ме?
Қаржылық фейр-плей дегеніміз не? Қаржылық фейр-плей 2009 жылы УЕФА атқару комитетімен Еуропалық футболдың қаржылық тәуекелдермен күресу мақсатында бекітілген концепция. Концепцияның басты қағидаттары келесідей: -  клубтардың қаржысына жоғары тәртіп пен рационалдықты енгізу; - жалақы мен трансфер төлемдеріне қысымды төмендету және инфляциялық әсерді шектеу; - клубтарды бәсекелестікке (кірістерге) ынталандыру; - жастар секторы мен инфрақұрылымға ұзақ мерзімді инвестицияларды ынталандыру; - еуропалық...
2 года назад
Заманауи футболды құрған сот шешімі
Босман ісі және оның алғышарттары Босман кейсі – 1995 жылы Еуропалық соттың футболды біржолата өзгерткен шешімі. Бұл істе сол кездегі футболшылардың трансферлік жүйесі мен Еуропалық Одақ ішіндегі легионерлер лимитінің заңдылығына қатысты дау орын алды. Босман ісіне дейін еуропалық футболдағы ойыншылардың трансферлері мен легионерлік лимитқа қатысты ережелері мүлдем басқаша болатын. Осы шешімге дейін футболшы өзінің клубымен келісімшарты аяқталғанына қарамастан, тек екі клубтың келісімімен ғана басқа клубқа ауысуға құқылы болған...
2 года назад