Найти в Дзене
Итмұрынның пайдасы Итмұрын — лимонға қарағанда 60 есе артық С дәруменіне ие екендігін білесіз бе? Күшті антиоксидант болып табылатын итмұрынның артықшылықтары мен пайдалары мұнымен тоқтамайды. С дәруменімен қоса А, В, Е, К дәрумендері және магний, темір секілді минералдары арқылы иммунитетті күшейтумен қатар, жүйке жүйесі мен жасуша жаңалануы тұрғысында пайдасы бар. Ас қорыту жұмысын жақсартады және іш қату мазасыздығы барларға табиғи шипа көзі болып табылады. Қандағы жаман холестерин мөлшерінің төмендеп, жақсы холестерин мөлшерін көтеретін итмұрын, жүрек пен қантамыр дерттеріне шипа болады. Құрамындағы К дәрумені арқылы қанның ұюын қамтамасыз етеді. Сол себепті қантамырлардың бітелуі, тромбоз секілді науқастардың аздап тұтынғаны абзал. Азықтардағы темірдің ағзаға сіңімділігін арттыратындықтан анемияға қарсы пайдасы бар. Құрамындағы каратиноидтар тобына жататын ликотин өз кезегінде катарактаның алдын алып, көз саулығына тиімді әсер етеді. Соңғы жылдардағы зерттеулер итмұрынның тізе буындарына тұз жиналуы, шеміршектердің қажалуы секілді дерттерге қарсы пайдалы екендігін көрсетуде. Итмұрын тұнбасынан шай дайындау үшін 1 ас қасық итмұрын жемісіне 1 стақан қайнаған су құйып, 10 минут эмальді ыдыста қақпағы жабық күйде қайнатады. Мұндай шайды бір күн тұндырып қоюға да болады. Содан күніне дайын шайдан 1 стақаннан ішеді. Оның құрамында адам ағзасына қажетті микроэлемент өте көп. Одан жасалған дәрілер адам ағзасы үшін өте қымбат дәрі-дәрмектің орнын алмастыра алады. Оған қоса бұл жидек сығындысы толық адамдарды жүрек талмасынан қорғайды. Жүрегі ауыратын және қан қысымы жоғары адамдар итмұрын тұнбасын күніне 40 грамнан 6 апта бойы ішуі керек. Оқуға кеңес береміз: Барлық дертке дауа - итмұрын Итмұрын қайнатпасы
3 года назад
Туған күнге арналған құттықтау cуреттер
Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз): Туған күнге арналған құттықтау cуреттер Туған күнге арналған тілектер Туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар Туған күнге өлеңдер Тілектер Құттықтаулар
3881 читали · 6 лет назад
Херлуф Бидструп карикатуралары
Херлуф Бидструп (Herluf Bidstrup; 10 қыркүйек 1912, Берлин — 26 желтоқсан 1988, Аллерёд, Дания) — дат суретшісі-карикатурист және қоғам қайраткері. 5 мыңнан астам суреттің авторы. Саяжай Тұйық шеңбер...
6 лет назад
Эссе және өлең-жыр байқауын жариялаймыз
Биыл да көпшіліктің сұранысы бойынша Bilim-all.kz ақпараттық-танымдық порталында сайыс өткелі жатыр. Бұл жолы кішігірім ерекшеліктері бар, барлығы төменде толығырақ жазылған. 2019 жылдың 30 тамызы мен 2020 жылдың 25 қаңтары аралығында өтетін эссе және өлең-жыр байқауына шығармалар қабылдаймыз. Мақсаты: Шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсете отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, өлең-сөздің құдыреті арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Сайысқа қатысушылардың эссе және өлең-жырлары үстіміздегі жылдың 25 қаңтарына дейін қабылданады...
6 лет назад
Если нравится — подпишитесь
Так вы не пропустите новые публикации этого канала