Найти в Дзене
Итмұрынның пайдасы Итмұрын — лимонға қарағанда 60 есе артық С дәруменіне ие екендігін білесіз бе? Күшті антиоксидант болып табылатын итмұрынның артықшылықтары мен пайдалары мұнымен тоқтамайды. С дәруменімен қоса А, В, Е, К дәрумендері және магний, темір секілді минералдары арқылы иммунитетті күшейтумен қатар, жүйке жүйесі мен жасуша жаңалануы тұрғысында пайдасы бар. Ас қорыту жұмысын жақсартады және іш қату мазасыздығы барларға табиғи шипа көзі болып табылады. Қандағы жаман холестерин мөлшерінің төмендеп, жақсы холестерин мөлшерін көтеретін итмұрын, жүрек пен қантамыр дерттеріне шипа болады. Құрамындағы К дәрумені арқылы қанның ұюын қамтамасыз етеді. Сол себепті қантамырлардың бітелуі, тромбоз секілді науқастардың аздап тұтынғаны абзал. Азықтардағы темірдің ағзаға сіңімділігін арттыратындықтан анемияға қарсы пайдасы бар. Құрамындағы каратиноидтар тобына жататын ликотин өз кезегінде катарактаның алдын алып, көз саулығына тиімді әсер етеді. Соңғы жылдардағы зерттеулер итмұрынның тізе буындарына тұз жиналуы, шеміршектердің қажалуы секілді дерттерге қарсы пайдалы екендігін көрсетуде. Итмұрын тұнбасынан шай дайындау үшін 1 ас қасық итмұрын жемісіне 1 стақан қайнаған су құйып, 10 минут эмальді ыдыста қақпағы жабық күйде қайнатады. Мұндай шайды бір күн тұндырып қоюға да болады. Содан күніне дайын шайдан 1 стақаннан ішеді. Оның құрамында адам ағзасына қажетті микроэлемент өте көп. Одан жасалған дәрілер адам ағзасы үшін өте қымбат дәрі-дәрмектің орнын алмастыра алады. Оған қоса бұл жидек сығындысы толық адамдарды жүрек талмасынан қорғайды. Жүрегі ауыратын және қан қысымы жоғары адамдар итмұрын тұнбасын күніне 40 грамнан 6 апта бойы ішуі керек. Оқуға кеңес береміз: Барлық дертке дауа - итмұрын Итмұрын қайнатпасы
3 года назад
Туған күнге арналған құттықтау cуреттер
Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз): Туған күнге арналған құттықтау cуреттер Туған күнге арналған тілектер Туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар Туған күнге өлеңдер Тілектер Құттықтаулар
3881 читали · 6 лет назад
Херлуф Бидструп карикатуралары
Херлуф Бидструп (Herluf Bidstrup; 10 қыркүйек 1912, Берлин — 26 желтоқсан 1988, Аллерёд, Дания) — дат суретшісі-карикатурист және қоғам қайраткері. 5 мыңнан астам суреттің авторы. Саяжай Тұйық шеңбер...
6 лет назад
Эссе және өлең-жыр байқауын жариялаймыз
Биыл да көпшіліктің сұранысы бойынша Bilim-all.kz ақпараттық-танымдық порталында сайыс өткелі жатыр. Бұл жолы кішігірім ерекшеліктері бар, барлығы төменде толығырақ жазылған. 2019 жылдың 30 тамызы мен 2020 жылдың 25 қаңтары аралығында өтетін эссе және өлең-жыр байқауына шығармалар қабылдаймыз. Мақсаты: Шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсете отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, өлең-сөздің құдыреті арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Сайысқа қатысушылардың эссе және өлең-жырлары үстіміздегі жылдың 25 қаңтарына дейін қабылданады...
6 лет назад
Уолт Дисней жетістігінің тарихы
Уолт Дисней — атақты америкалық суретші-мультипликатор, аты әлемге танылған режиссер, актер, сценарист әрі продюсер, толық метражды мультфильмдердің толық сериясын жасаушы. Әлемдегі бүкіл балалар жақсы көретін Микки Маустың, Қоян Освальдтың, Дональд Дактың және 200-ден астам персонаждың атасы. Ол «Оскардың» 29 премиясының және АҚШ жоғары азаматтық үкіметтік марапаты «Бостандық медалі» иегері болды. «Walt Disney Productions» компаниясының құрушысы және әлемдегі алғашқы үлкен сауық-сайрандық «Диснейлэнд» балалар саябағын құрушы болып табылады...
140 читали · 6 лет назад
Малайзияда жоғары білім алу: нені білу керек?
Малазиялық жоғары оқу орындары туралы ақпараттар посткеңестік территория аумағында соншалықты кең таралмаған. Бұл елдің ЖОО батыстық ЖОО салыстырғанда айтарлықтай басымдыққа ие, сонымен қатар білім алу үшін орта жағдайдағы бюджетке ие студенттер қауымына жоғары сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Малайзияның атақты жеке ЖОО Ұлыбританияның, Шотландия мен Австралияның үздік университеттерінің филиалдары болып табылады, бірақ Малайзиялық филиалдардағы оқу ақысы осы басты университеттерге қарағанда әлдеқайда төмен...
6 лет назад
Біздің психикамыздың жұмысы туралы қызықты 4 факт
Біздің ойлау жүйеміз мінсіз емес, онда үлкен қателіктер мен олқылықтар жетіп артылады. Іріктеп алған біздің психикамыздың жұмысы туралы қызықты 4 фактіні оқып шыққан соң, адамдар қалайша байыптап әрекет ететініне таң қалуыңыз мүмкін. Біздің қысқамерзімді жадымыздағы ақпараттың сақталып тұру уақыты 20 секундты құрайды, ал егер біз оны қайталамасақ, тез арада ұмытылып кетеді. Соңғы деректерге қарағанда адам бір уақытта ойында ақпараттың ары дегенде 7 блогын ұстап тұра алады. Бұл біз жадымызда...
6 лет назад
Әлемді өзгерткен 5 педагог-әйел
Сіздердің назарларыңызға педагог ретінде әлемдік танымалдыққа ие болған бес әйелдің тарихын ұсынамыз. Олардың көбі өз мамандықтарын жаңашыл бағытта ұстанып, барлығы дерлік тарихқа енген. Бұл әйелдердің ерлігі, рухани күші мен қайсарлығы ұмытылмақ емес. Бұл бес тарихтың әрбірі жігерлендіріп, шабыттандырады. 1. Энн Салливан / Anne Sullivan (1866-1936) Барлығын басынан бастаудан және сәтсіздіктен қорықпаңыз. Жолыңыз болмай қалған кездері бәрін басынан бастаңыз да, діттеген, бас кезінде алдыңызға...
346 читали · 6 лет назад
Ұлы адамдардың қалыптасқан әдеттері
Егер көптеген атақты адамдардың өмірбаянына үңілетін болсақ, онда күндерінің көп бөлігінде іш пыстырарлық, бірсарынды жұмыстарды атқарғандығын көруге болады. Қай-қайсысын алып қарасақ та күннен күнге қайталана беретін әдеттерінің болғанын байқаймыз. Бұл қандай әдеттер, бұл әдеттер олардың жұмыс өнімділігіне қалай әсер еткен, бұл туралы ғылым не дейді? Осы жөнінде мақаладан оқуыңызға болады. Ерте ояну Мен үнемі ерте оянып, кофе жасап, жарықтың қалай пайда болатынын бақылаймын. Тони Моррисон Көптеген табысты адамдардың ерте тұратын әдеті бар дегенге таңғала қоймассыз...
154 читали · 6 лет назад
Дофамин, нейробиология және нейромаркетинг: неге қалау сезімін бақытпен шатастырамыз
Келли Макгонигалдың кітабынан үзінді. Ерік күші. Дамыту мен нығайту жолдары. Ерік күшін нығайтуды бәрі қалайды. Бірақ әлі күнге дейін басқалардың зерттеуін саралап, өз зерттеулерін жүргізіп осы тақырыпқа ғылыми-негізделген курс жасауға кіріскен оқытушы болған жоқ. Бұл дағдыны жаттықтыруға болатынын дәлелдеп және барлық ниет білдірушілерге оны дамыту тәсілдерін көрсетуді қолға алған оқытушы психолог, ғылым докторы Келли Макгонигал болды. 1953 жылы Монреалдағы Макгилл университетінің екі жас ғалымы Джеймс Олдс пен Питер Милнер бір егеуқұйрықты зерттеуге кірісті...
6 лет назад
Ертегі және оның пайдасы
Германиялық профессор Ульрих Дикмайер (Ulrich Diekmeier) былай дейді: «Теледидар алдынан тұрмайтын өте ерке болса да, жасы қаншама кішкентай болса да, балаларға кішкентайынан ертегі айту өте маңызды. Ертегілер қоғамның мәдени бөлшегі. Барлық баланың ертегі тыңдап өсуі қажет. Балалар ертегілерден көп сабақ алады, ой-пікірлеуі, ақылы, сана сезімі қалыптасады. Кейбір ертегілерде қорқынышты, жауыздыққа негізделген сахналар болуы мүмкін. Сондықтан ондай бөлімдерді жұмсартып айтқан жөн. Ертегілер баланың жасына, деңгейіне қарай айтылуы тиіс...
7 лет назад