ХХ ғасырдың бас кезіндегі өнер-сурет саласының модернистік бағытының авангардистік ағымының ішінде тағы бір ағым сюрреализм ағымы пайда болды.
Бұл ағым авангардизм бағытының қоғамға ой тастай алған бүлікшіл бағыттарының қатарында болды. Өзіне заманындағы Зигмунд Фрейд негізін салған психоаналитиканы өзіне қосып алған бұл жанр адамдарға өзгеше психологиялық ой тастай білді.
Бір картинаның өзінен бірнеше мән мағына беретін бұл жанр фрагменттарлық, кубизм жанрларында өзіне жақындатты. Бірақ кубизмнен қарағанда нақты кескіндемені жеткізе білді. Кейін осы жанр аясында өз шығармаларын жазған сюрреалист жазушыларда пайда болды.
Сюрреализм термині 1917 жылы қабылданған.
Анри Бретон 1924 жылы негізін салған бұл жанрдың жалғастырушыларының қатарында Сальвадор Дали, Рене Магритт сынды қылқалам шеберлері де болды. Сюрреализм кең дамығандығы соншалық біртіндеп оған жазушылар, жазушылардан кейін - кинотүсірушілер қосылды. Сюрреалистік стильде суретке түсіретін фотографтарда пайда болды. Сюрреализм жанры - стрит арт жанрының пайда болуына әсер етті.
Сюрреалистік жанр әліде қылқалм шеберлері арасында кең танымал
Сурет ғаламтордан алынды