Найти в Дзене

Сурет өнерінің кубизм жанры

Жалпы шығармашылық көзқарас әсіресе - суретшілер мен мүсіншілердің қиялы шекарасыз. Бұл жерде ешқандайда монополистік ағым болмайды. Шығармашылық ойдағы азаматтарды тұсаулауға не бір бағытта шығармашылыққа айналысуға бағыттаған сайын қарсыласады. Кейбір қалыптасқан көзқарастан шығу өзінің жанрын іздейді. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында пайда болған модернистік стиль әдебиетке, сурет, мүсін өнеріне елеулі түрде әсер етті. Модернистік стиль архитектураға да әсер құрылыстардың өзгеруіне әкелді. Суретшілер мен мүсіншілер, архитекторлар арасындағы модернистік стиль бір орында тұрмай, өз ішінде бірнеше жанрға бөліне бастады. 1908 жылы суретшілер арасындағы модернистер арасында математикалық фигуралармен сурет салу ағымы пайда болды. Тарихшылар бұл ағымды кенеттен пайда болған дейді. Бұл ағым біртіндеп өзін ерекшелендіріп кубизм жанры деп аталды. Бұл ағымның атауын Тәуелсіздік үшін ұзақ қарсыласқан Куба патриоттарына арналған деген жорамалда бар. Әрине, бұл жорамал күйіндегі топшылау. Кубиз

Жалпы шығармашылық көзқарас әсіресе - суретшілер мен мүсіншілердің қиялы шекарасыз. Бұл жерде ешқандайда монополистік ағым болмайды. Шығармашылық ойдағы азаматтарды тұсаулауға не бір бағытта шығармашылыққа айналысуға бағыттаған сайын қарсыласады. Кейбір қалыптасқан көзқарастан шығу өзінің жанрын іздейді.

ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында пайда болған модернистік стиль әдебиетке, сурет, мүсін өнеріне елеулі түрде әсер етті. Модернистік стиль архитектураға да әсер құрылыстардың өзгеруіне әкелді.

Суретшілер мен мүсіншілер, архитекторлар арасындағы модернистік стиль бір орында тұрмай, өз ішінде бірнеше жанрға бөліне бастады.

1908 жылы суретшілер арасындағы модернистер арасында математикалық фигуралармен сурет салу ағымы пайда болды. Тарихшылар бұл ағымды кенеттен пайда болған дейді. Бұл ағым біртіндеп өзін ерекшелендіріп кубизм жанры деп аталды. Бұл ағымның атауын Тәуелсіздік үшін ұзақ қарсыласқан Куба патриоттарына арналған деген жорамалда бар. Әрине, бұл жорамал күйіндегі топшылау. Кубизм ағымы 1908 жылы Францияда пайда болған. Француз кубизм жанрындағы суретшілер - "табиғатты цилиндр, конус, шаршы түрінде көрсетіңдер" деген ұран тастаған.

Бірақ импрессионистік суретші модернистік кубизм стилінің негізін салған Поль Сезан 1908 жылға дейінде өз картиналарын математикалық фигуралармен жеткізген.

1908 жылы суретшілер көрмесінде математикалық фигуралармен, кубиктармен, конустармен салынған картиналар - кубиктік суреттер деген атауға ие болды. Кейін бұл стиль кубизм деп аталды.

Кейін кубизм - архитектурадағы футуризм стилінің пайда болуына әсер етті

Сурет ғаламтордан алынды