Шығыс халықтарының әдебиетінің классиктеріне қатарына XVIII ғасырда өмір сүрген Фраги әдеби есімімен танылған түркімен халқының ұлы ойшыл ақыны Мақтымқұлы Дәулетмәмед Азадидің кіретіндігі сөзсіз. Біздің қазақ халқымыз Абай Құнанбайұлы қандай деңгейде десек - түркімен халқында Мақтымқұлы Фраги сондай деңгейде десек қателеспегеніміз болады. Түркіменстан Мақтымқұлы Фраги ұлы ақын, философ деп ғана таныстырылмай, қазіргі түркімен әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі деп қарастырылады. Ел ауызындағы кең тараған мәліметтер бойынша Мақтымқұлы Фраги 800-дей өлең-жыр шығарған. Соның 300-дейі сақталған. Мақтымқұлы Фраги толғауларында кездесетін ойлар - түркімен халқының мақалдары қатарынан табылған. Көптеген жырлары әлі күнге айтылады. Мақтымқұлы Фраги өлең-жыр жазуда бірнеше жанрды алып жүрген. Оның шығармаларынан діни сарында, нақтылы өмірде, түркмен халқының жолында, бірігуге шақырған ұранды кездестіруге болады. Мақтымқұлы Фрагидің есею кезеңі - Орта Азияға парсы патшасы Нәдір шахтың шапқын
Мақтымқұлы Фраги - түркімен халқына қиын жағдайда қолдау білдірген ұлы ақын
11 апреля 202411 апр 2024
11
1 мин