Мақтымқұлы Дәулетмамади Азадиұлы XVIII ғасырда өмір сүрген түркімен халқының ұлы тұлғаларының бірі. Түркімен халқы оны қазіргі ұлттық ауыз әдебиетінің негізін салушы деп қабылдайды. Ол қалың ортаға өзінің "Фраги" лақап атымен танымал болған. Қазіргі кезге осы "Фраги" лақап атының мағынасы жайлы жорамалдар көп. Нақты жауабы аз.
1. "Фраги" атауын - жеңімпаз, батыр деп тәржімалайтындар бар.
2. "Фраги" сөзін - пырақ, кісікиік деп аударатындар бар.
3. "Фраги" сөзін - фараги яғни, аластатылған, оқшауланған деп аударып жүргендерде бар.
4. Фраги сөзін - қорғаушы, араша түсуші деп аударатындар бар.
Биыл Түркімен халқы Мақтымқұлы Фрагидің 300 жылдығын Түрксой шеңберінде атап өтеді.
Мақтымқұлы Фрагидің 300-ден астам, өлең жырлары сақталған.
Мақтымқұлы Фраги өзінің фәлсапалық жырларымен шығыстың классикалық ақындарының қатарына кіреді
Сурет ғаламтордан алынған