1905 жылы Ирандағы шиіттік қасиетті қалалардағы діни қызметкерлердің халықты мінәжат орындары мен мазарлар төңірегіне топтастыра басталған революция - елдің Англия мен Ресейдің жартылай отарына айналып бара жатқандағына қарсылық ретінде басталды.
Англия мен Ресей Иранды өздеріне тиімді "тең емес" шарттарға мәжбүрлеген болатын.
Шах өкіметі - елге экономикалық модернизация алып келуге қауқарсыз болып, сыртқы елдердің қаржылық қолдауына тәуелді болды.
Шах өкіметі өз билігін орнықтыру үшін қысымға сүйенді.
Шах өкіметінің қуғын-сүргінінен қалжыраған халық шиіттік дінбасылардың бастауымен "бестке" отыру науқанына қосыла бастады.
Бест дегеніміз - қасиетті орындарға құлшылыққа жиналу.
Иран билігінің шығарған заңы бойынша қасиетті орындарға қол тигізбеуге болмайды.
- ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Иранн алпауыт елдердің ақшалай салым беріп, пайда алатын артта қалған елдердің қатарында болды.
- Иранға салыңған ақшалай салымдар - шетелдіктер пайдасына жұмыс істеп, ирандықтарға пайдасы аз болды.
- Шетелдіктер салған кәсіпорындар Иран мемлекетін экономикалық қанаумен болды.
- Шетелдіктердің тарапынан салыңған ақшалай салымдар билеуші топтардың қалтасына жинақталып, шахтың қауіпсіздігіне жұмсалды.
- Шетелдіктер өздеріне тиімді шарттар алу үшін Шах әулетіне қаржылай қолдау көрсетті.
ХХ ғасырдың бас кезінде Иран "экономикасына" қаржылай қолдау көрсетіп отырған мемлекеттер қатарында - Англия, Ресей, Франция, Германия, т.б. болды.
- 1905 жылы Ресейде басталған Революция - Кавказ аймағында жұмыс істейтін Ирандық жұмысшыларға әсер ете бастады.
Ирандық Революцияның негізгі қозғаушы күші жұмысшылар болғанымен, діндарлар бұқаралық деңгейге көтеріп жіберді.
Бірақ Ирандық революция қарапайым халықтың мазалаған өткір мәселесі төңірегінде өрбіді,
1905-1911 жж. өрбіген Ирандағы буржуазиялық революция үш кезеңнен тұрып, әрбір кезеңінде өзінің қозғаушы күштерімен жақтаушылары болды.
1. 1905-1907 жж. жұмысшылар бастап, діндарлар бұқаралық сипат беріп, либералдық Конституцияны халыққа жариялады. Бірақ революцияның бұқараға жеткізуші діндарлар тобы монархия жанына топтаса бастады.
2. 1908-1909 жж. жергілікті ауқатты топтар - шахтың абсолюттік билік алуына қарсы шығып, қарулы күрес бастады. Олар Конституциямен шектелген шах билігін қалады. Оларды буржуазия қолдады.
3. 1910-1911 жж. Ирандағы Ағылшын және Ресей ықпалын алмастыруға тырысқан буржуазия, помещиктер, ұлттық саяси элита оларды француздар мен американдықтармен алмастыруға тырысты.
Революцияның негізгі мәселесі - ХІХ ғасырдың екінші дартысында Иранда аса ықпалға ие болған Англия мен Ресей тарапының экономикалық экспанциясының салдарынан туындады.
Ирандағы буржуазия елді Англия мен Ресей ықпалынан құтқаруға тырысты.
- Ирандағы революцияның басталуына - Ресейде басталған революцияны әсер етті.
- Ирандағы революцияға Осман империясындағы "жас түріктер" революциясының жеңісі әсер етті.
Ирандағы революцияны Англия мен Ресей үкіметтері осы елдегі ықпалынан айырылып қаламыз ба қолдау көрсетпеді.
Ирандағы революцияға Германия мен Австрия-Венгрия мемлекеттері қолдаукөрсетуге тырысты. Бірақ нәтижесіз болды.
Ирандағы революцияға Осман империясындағы "Жас түріктер" үкіметі бейресми қолдау көрсетуге тырысты
Суреттер ғаламтордан алынды