Найти в Дзене

Неліктен Иран отарға айналған жоқ, тек империалистік елдердің жартылай отары болып қалды?

Иран, яғни Персияның географиялық орналасуы ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында оны алпауыт елдердің жартылай отарына айналдырды. Бірақ Иранның Таяу Шығыс, Осман империясы және Ауғанстанға жақын орналасуы оны толықтай отарлық езгіге түсірмеді. Иран аумағының географиялық ерекшелігіне байланысты отырықшы және көшпелі халықтарды бірдей орналасты. Таулы қыратты аймақтарда - мал шаруашылығы дамыса өзен бойы мен жазықты жерлерде - егіншілік дамыды. Парсы шығанағы, Үнді мұхиты мен Каспий теңізіне жақын орналасуы - Иран аумағында қыс мезгілін жұмсақ, жаз мезгілін ұзақ өтуіне септесті. Топырақтың құнарлығы - егінш шаруашылығын дамытты. Осындай жағдай Иран аумағында халықтың тығыз орналасуына себепкер болып, демографиялық жағдайдың өсуіне әсер етті. Иран халқының басым бөлігінің Ислам дінінің шиіттік бағыт ұстануы - Осман империясы мен араб халықтарынан, ауғандықтармен өздерін оқшау ұстауға әсер етті. Бірақ ирандық шиіттік ағымның өкілдері өз ықпалын Қосөзен мен Ауғанстанға жүргізіп отырды. Қосөз

Иран, яғни Персияның географиялық орналасуы ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында оны алпауыт елдердің жартылай отарына айналдырды. Бірақ Иранның Таяу Шығыс, Осман империясы және Ауғанстанға жақын орналасуы оны толықтай отарлық езгіге түсірмеді.

Иран аумағының географиялық ерекшелігіне байланысты отырықшы және көшпелі халықтарды бірдей орналасты. Таулы қыратты аймақтарда - мал шаруашылығы дамыса өзен бойы мен жазықты жерлерде - егіншілік дамыды. Парсы шығанағы, Үнді мұхиты мен Каспий теңізіне жақын орналасуы - Иран аумағында қыс мезгілін жұмсақ, жаз мезгілін ұзақ өтуіне септесті. Топырақтың құнарлығы - егінш шаруашылығын дамытты.

Осындай жағдай Иран аумағында халықтың тығыз орналасуына себепкер болып, демографиялық жағдайдың өсуіне әсер етті.

Иран халқының басым бөлігінің Ислам дінінің шиіттік бағыт ұстануы - Осман империясы мен араб халықтарынан, ауғандықтармен өздерін оқшау ұстауға әсер етті.

Бірақ ирандық шиіттік ағымның өкілдері өз ықпалын Қосөзен мен Ауғанстанға жүргізіп отырды. Қосөзен мен Ауғанстандағы шиіттік діни өкілдер Ирандық Кум қаласынан білім алып, өз бетбұрысын Иранмен байланыстырды. Кавказдағы діни қызметкерлер өздерін Иранмен байланыстыруға тырысты.

XVIII ғасырдағы Ирандағы саяси тартыстар елді дағдарысқа түсірді.

  • Ағылшындар өз отарлары Үндістанды қауіпсіз ету үшін Иран мемлекетіне қолдау көрсетумен болды. Дегенімен, ағылшындықтар Иранды күшейтуге мүдделі болмады.
  • Ағылшындар күшейіп келе жатқан феодалдық тайпа көсемдерін әлсірету үшін - шах билігін нығайтуға мүдделі болды.
  • Ағылшындықтар Ирандықтарды Осман және Ресей империясына қарсы пайдаланбақ болды.
  • Ағылшындар Үндістанға қауіп төндіріп, мазалап тұратын Ауған тайпаларын, Ауған мемлекетін әлсірету мақсатында Иранды пайдалануды көздеді.

Ресей тарапы Кавказдағы иеліктеріне қауіп төндіріп тұратын Иранды әлсірету үшін - Таяу Шығыстан ағылшындарды қуып шығуға мүдделі болды.

  • Ресей империясы Ирандағы ағылшындардың ықпалын әлсірету үшін шах өкіметіне қаржылай қолдау көрсетті.
  • Ресей империясы Иранның ағылшындардың ықпалына кетіп қалмас үшін экономикасына қаржылай қолдау көрсетті.
  • Ресей империясы Иран әскерін қайта жарақтауға көмектесті.

Иран халқының тығыз орналасып, көптігі - оны Ресей мен Ағылшындардың отарлауынан сақтап қалды.

Ресей мен ағылшындар өз капиталының кепілі деп есептелген шах билігін ұстап тұруға мүдделі болды.

Иранда билік құрған шах әулеттері - ел экономикасын өз күшімен нығайта алмауымен, шетелдіктердің беріп отырған көмегін жеңілдіктер жасай отырып, мейлінше пайдалануға тырысты.

  • Ресей мен Англия Иранды толық бағындыруға мүдделі болмады.

Көпұлтты ирандықтарды бірлікте ұстап тұрған дін ықпалына ағылшындар мен орыстар қарсы тұра алмады.

Егер Ағылшандар мен орыстар Иранды толық бағындыруға тырысса - Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы діни қозғалысқа қарсы тұра алмайтындығын байқады.

Иран мемлекетіндегі халықтың көптігі - сыртқы күштердің елді отарлауға мүмкіндік бермеді

Сурет ғаламтордан алынды