Жер жүзіндегі көптеген елдердің аумағының оңтүстігі - аграрлы, солтүстігі - индустриалды болып келеді. Бұлай экономикалық аудандасуға АҚШ-тың аумағы тән. 1783 жылы АҚШ мемлекеті құрылғаннан бастап елдің солтүстігінде завод-фабрикалар көптеп салынып, оңтүстігінде - егістік алқаптарында дәнді-дақылдар көп егілді.
АҚШ-тың оңтүстігінде завод-фабрикалардың көптеп салынуы жергілікті солтүстік тұрғындарын жұмыс жасау деңгейінде теңестірілді.
Ал АҚШ-тың оңтүстігінде АҚШ мемлекеті құрылмай тұрып, егістік плантациялары пайда болып, шағын отбасылар байып, көптеген адамдардың солардың жерінде жұмыс істеді. АҚШ мемлекетін азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін оңтүстіктегі плантация қожайындарына еріксіз құлдарды иемденуге мемлекеттік, штаттық деңгейде рұқсат етті.
Еріксіз құлдардың барлығы дерлік - сырттан келген афроамерикандықтар еді.
ХІХ ғасырдың ортасынан бастап, солтүстіктегі завод-фабрикаларда жұмысшы қолы жетіспеді. Оңтүстіктегі плантация қожайындарына жұмыс істейтін құлдар солтүстікке қашу үрдісі байқалды. Олардың солтүстікке астыртын жеткізетін "Жер асты теміржол ұйымы" болды. Бұған қарсылық ретінде оңтүстіктегі плантация қожайындарын қолдайтын саяси күштер құлдарды іздеу науқанын бастады.
1860 жылы Оңтүстік пен Солтүстік штаттар арасындағы экономикалық келіспеушілік азамат соғысын тудырды.
Оңтүстік штаттары орталық үкіметті мойындамай балама республика құрды. (Америка Конфедерациясы Штаттары).
Солтүстік азамат соғысында жеңу үшін 1862 жылы "Құлдарды азат ету актісін" жариялады.
Осылайша АҚШ-та құлдық азамат соғысы арқылы жойылды
Плантацияларда еріксіз түрде еңбек еткен миллиондаған адамдар Солтүстік жаққа шыға бастады. Бірақ АҚШ-та құлдық жойылғанымен афроамерикандықтарды түсіне сәйкес ХХ ғасырдың 60 жылдарына дейін жойылмады
Сурет ғаламтордан алынды