Найти тему

Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы Ақ Орданың рөлі қандай болды?

1465 жылы Оңтүстік Батыс Жетісудің Шу мен Талас өзендерінің аңғарында Керей ханның таққа отыруымен қазақ халқының ұлттық мемлекеті құрылғандығы тарихтан белгілі. Бұл жайлы ортағасырлық Шағатай әулетіне қызмет еткен, Үндістандағы Тимуридтер әулетінен пана көрген тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің Моғол мемлекетінің ханы Абд Ар-Рашид ханға арнаған "Тарих-и Рашиди" еңбегінде жазады.

Қазақ хандығын құрушы Керей мен Жәнібек сұлтандар Шыңғыс ханның ұлы Жошы ұрпағынан тарайды. Арғы аталары Жошының үлкен ұлы Орда Ежен.

Тарихтан белгілі Орда Ежен иелігі Ақ Орда деп аталып, Сасы Бұқа хан кезінде Тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаны.

Қазақ хандығының екінші ханы - Жәнібек ханның әкесі Ақ Орда мемлекетінің соңғы ханы Барақ болған.

Керей хан мен Жәнібек ханның арғы атасы Ұрыс хан Ақ Орда мемлекетінің ханы болған.

  • Қазақ хандығы мен Ақ Орда мемлекеттерінің аумағы ұқсас.
  • Қазақ хандығы мен Ақ Орда мемлекеттерінің этникалық құрамы бірдей.
  • Қазақ хандығы мен Ақ Орда мемлекеттерінің басқарушы әулеті бір.
  • Қазақ хандығының алғашқы астаналарының бірі Сығанақ қаласы - Ақ Орда мемлекетінің астанасы болған.

Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығын құрғанда Орда Ежен әулетінің билігін қалпына келтірдік деп жариялаған.

Ақ Орда атауы Қазақ хандығы кезеңінде - хан отыратын киіз үй саналды

Сурет ғаламтордан алынды