Найти в Дзене

Ақ Орда мемлекетімен Қазақ хандығының өзара тарихи сабақтастығы

Әрбір халықтың тарихы үш тұғырнамаға негізделетіндігі анық: 1. Мекен еткен жеріндегі этникалық үрдістің үзіліссіз түрде дамуы 2. Қоныс тепкен аумағындағы мемлекеттік үрдістің дамуы 3. Қоныс тепкен аумағында қалыптасқан этникалық үрдістердің тілдік ерекшеліктері Осы тұғырнамаға сәйкес қазіргі Қазақстан аумағында - ежелгі заманнан қалыптасқан протомемлекеттер, тайпалық-рулық бірлестіктер, тілдік ерекшеліктер - Қазақ халқының тарихы болып есептелінеді. Бұлай қарастыру - дүниежүзі елдеріне тән. Әрбір халық өзінің ұлт болып қалыптасу кезеңіндегі - мемлекеттілікті, тілдік ерекшеліктерді мысалға алатындығы анық. Бізде, сол өз тарихымызды түгендеуде сабақтастықты, мұрагерлікті, өзара байланыстылықты іздейміз. Бұл ізденісте бізге территория ортақтылығы негіз болады. Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттердің барлығы - Қазақ тарихына қатысты, қазақ мемлекеті болып табылады. 1227 жылы Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының қайтыс болуымен оның ұлысы - үшке бөлінді (Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда). Жошы

Әрбір халықтың тарихы үш тұғырнамаға негізделетіндігі анық:

1. Мекен еткен жеріндегі этникалық үрдістің үзіліссіз түрде дамуы

2. Қоныс тепкен аумағындағы мемлекеттік үрдістің дамуы

3. Қоныс тепкен аумағында қалыптасқан этникалық үрдістердің тілдік ерекшеліктері

Осы тұғырнамаға сәйкес қазіргі Қазақстан аумағында - ежелгі заманнан қалыптасқан протомемлекеттер, тайпалық-рулық бірлестіктер, тілдік ерекшеліктер - Қазақ халқының тарихы болып есептелінеді. Бұлай қарастыру - дүниежүзі елдеріне тән. Әрбір халық өзінің ұлт болып қалыптасу кезеңіндегі - мемлекеттілікті, тілдік ерекшеліктерді мысалға алатындығы анық. Бізде, сол өз тарихымызды түгендеуде сабақтастықты, мұрагерлікті, өзара байланыстылықты іздейміз. Бұл ізденісте бізге территория ортақтылығы негіз болады. Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттердің барлығы - Қазақ тарихына қатысты, қазақ мемлекеті болып табылады.

1227 жылы Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының қайтыс болуымен оның ұлысы - үшке бөлінді (Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда). Жошының үлкен ұлы Орда Еженның үлесіне тиген жер Шыңғыс ханның пәрменімен Ақ Орда деп аталды. Бұл жайлы Ортағасырлық тарихшы Өтеміс қажының "Шыңғыснама" еңбегі баяндайды.

Ұлыс билігіне XIV ғасырдың бас кезінде Сасы-бұқаның келуімен Ақ Орда тәуелсіз мемлекеті атанды. 1428 жылы Ақ Орда мемлекеті жойылғанша бұл мемлекетте басқарушы Орда Ежен әулеті өзгеріп көрмеді.

1465 жылы Көшпелі өзбек мемлекетінен бөлініп, жеке мемлекет құрған Керей мен Жәнібек сұлтандар осы Орда Ежен әулетінен.

Жәнібек ханның әкесі - Ақ Орда мемлекетінің соңғы ханы Барақ хан.

Қазақ хандығының хандары Керей мен Жәнібек хандардың арғы атасы - Ақ Орда мемлекетінің ханы Ұрыс хан.

  • Ақ Орда мемлекеті мен Қазақ хандығының - қазіргі Қазақстан аумағының басым бөлігін алып жатты.
  • Ақ Орда мемлекеті мен Қазақ хандығының саяси орталығы бір кездері - ортақ қала Сығанақ қаласы болды.
  • Ақ Орда мемлекеті мен Қазақ хандығын құраған тайпа-рулар ұқсас болды.
  • Ақ Орда мемлекеті мен Қазақ хандығында - Жошы әулетінің Орда Ежен әулеті басқарды.
  • Ақ Орда мемлекеті мен Қазақ хандығында мемлекет басқарушысы - хан деп аталды

Қазақ хандары өздерін Ақ Орда мемлекетінің хандарының мирасқоры санады.

Ақ Орда мемлекеті мен Қазақ хандығынының өзара сабақтастығы

  • аумағының бір болғандығы
  • бір әулеттен тарайтындығы

Сурет ғаламтордан алынды