Найти в Дзене

Қазақстан жерінде металды өндіру ежелгі адамдардың өмірін қалай өзгертті? №2

Б.з.б. 3000 жылы Қазақстан аумағындағы адамдар мыс металлын игере бастады. Адамдар энеолит (мысты тас) дәуіріне көшті. Б.з.б. 1600-1500 жылдары Қазақстан аумағындағы адамдар мыс пен қалайы металлдарды біріктіріп қоланы алды. Б.з.б. 700 жылдары Қазақстан аумағында адамдар темірді игерді. Қазақстан жерінде металлды игеру адамдардың Сурет ғаламтордан алынды

Б.з.б. 3000 жылы Қазақстан аумағындағы адамдар мыс металлын игере бастады. Адамдар энеолит (мысты тас) дәуіріне көшті.

  • Металлургияның бастапқы түрі қалыптаса бастады.
  • Ылғалды ауа райының қалыптасуы - керамика өндірісінің пайда болуына әсер етті. Ыдыстар пайда болды.
  • Адамдар алғашқы жылжымайтын қонысын тұрғызды (Ботай қонысы).
  • Адамдар жылқыны қолға үйретті

Б.з.б. 1600-1500 жылдары Қазақстан аумағындағы адамдар мыс пен қалайы металлдарды біріктіріп қоланы алды.

  • Алғашқы адамдардың күрделі түрдегі металлургиясы пайда болды.
  • Берік металлдан жасалған тұтыну заттары жасалды (қазан).
  • Ауа-райының құрғауымен адамдар құдық қаза бастады.
  • Көшпелі мал шаруашылығы пайда болды.
  • Түйе қолға үйретілді

Б.з.б. 700 жылдары Қазақстан аумағында адамдар темірді игерді.

  • Адамдардың көбеюі - тайпалық одақтардың протомемлекеттерге бірігуіне әсер етті.
  • Өзен алқаптарында егіншілік дамыды.
  • Қару-жарақтардың берік түрлері пайда болды.
  • Қазақстан аумағында ауа-райының ерекшелігіне байланысты маусымдық жайылым қалыптасты

Қазақстан жерінде металлды игеру адамдардың

  • Өмірін қауіпсіздендіріп, әрі қауіптендірді.
  • Адамдардың ұжымдық бірлестігі өзгерді.
  • Адамдардың көбеюімен көптеген мәселелер туындап - оны реттейтін саяси жүйе пайда болды.
  • Адамдардың тіршілік қамтамасыз ететін шаруашылығы өзгерді.
  • Адамдардың дүниетанымы өзгерді.
  • Адамдар өз икемімен жасайтын заттардың түрлерін көбейтті

Сурет ғаламтордан алынды