ХХ ғасырдың 90 жылдардың аяғындағы белгілі Қазақстандық археолог В. Зайберттің Энеолит дәуіріне жататын Ботай тұрағын зерттемей тұрып, әлемдік зерттеушілер жылқыны қолға үйреткен аймақ ретінде Тіпті Еуропаның Ресей және Венгрия аймағын атаған ғалымдарда болған. Бірақ бұл аймақтар жорамал күйінде ғана қалып қойды. Себебі, археологиялық қазба жұмыстары кезінде бір-екі жылқыны сүйегі табылғаны болмаса - нақты дәлел болмады. Ал Ботай тұрағының бір аумақтан 70 мың жылқының сүйегі табылып ғана қоймай, керамикалық ыдыстарда қымыздың жабысып қалған қалдықтары табылды. Жылқы сүйегін зерттеген ғалымдар Ботай қонысына жылқы сырттан келмегендігін байқады. Яғни, Ботайлықтар баққан жылқылардың өзге өңірдегі жылқылармен ұқастығы табылмады. Бұл дегеніміз Ботайлықтар жергілікті жердің жылқысын қолға үйретіп, өзгелерден иемденбеген, өзгенікін үйренбеген. Ботайлықтар мал бағуды, жылқы өсіруді сырттан үйренбеген. В. Зайберттен бұрын археологтар көлемді түрде жылқы өсірушілердің қонысын таппаған Сурет ға
Не себепті ботайлықтарды жылқыны алғашқы қолға үйретушілер деп атайды?
4 марта 20244 мар 2024
22
~1 мин