1492 жылы Х. Колумб басқарған испан экспедициясының Үндістанға барар жолды Осман түріктері жауып тастауымен батысқа қарай саяхаты басталып, жаңа жерлердің ашылуларына әсер етті. Х. Колумб басқарған экспедициясы жаңа жерлерді ашып ғана қоймай, сол жерлерге бекініп қалуға тырысты. Испан королі Х. Колумбты жаңа ашылған жерлердің вице-королі деп жариялады. Испандықтар Х. Колумб экспедициясымен шектеліп ғана қоймай, бірнеше экспедиция жіберіп, Мексика мен Перуді басып алды. Испандықтардың артынан шыққан португалдықтар Бразилияны иемденсе, ағылшындар, француздар, голландықтарда өзіне тиесілі жерді алды.
Еуропалықтар жаңа иемденген жерлердің халықтарына "жоғарыдан" қарап олардың сенімімен санаспай - күштеп христиан дініне еңгізе бастады.
Қарсылық көрсеткендер - қатаң жазаланды.
Еуропалықтар жаңа иемденген жерлердегі халықтардың құрылыстарын бұза отырып, құрылыс кешендерін өздерінше салды. Жергілікті халықтар осы құрылысқа жегілді.
Жаңа иемденген жерлердің қазба байлықтарын Еуропалықтар үздіксіз тасумен болды. Бір ғана испандықтар жаңа иемденген жерлерінен 62 жылда - 181 мың тонна алтын, 16,8 тонна мыс алып кетті. Егер тасылған қазба байлық көлемін 62 жылға бөлетін болсақ әрбір жылы 2,9 мың тонна алтын, 0,27 мың тонна тасылғаны анықталады. Еуропалықтардың жаңа иемденген жерлерді тонауы ашкөздікпен байқалды. Гаити, Мексика, Перу елдері қатты тоналды.
Жаңа иемденген жерлердің халқы аяусыз қырғынға ұшыратылды. 46 жылдың ішінде Мексиканың халқы 21 милионнан 2,5 милионға кеміді. Егер 18,5 милионды 46 жылға бөлетін болса әрбір жылы шамамен 20 мыңнан астам адамнан қысқарғанын байқауға болады.
Еуропалықтар жаңа иемденген жерлерге Еуропада жаңа адамдар қоныстанды.
Еуропалықтардың жаңадан ашылған жерлерді жаппай игеруімен отаршылдық кезең басталды. Еуропалықтар Америка құрлығынан Африка, кейін Азияға ауысты
Сурет ғаламтордан алынды