XV ғасырдың аяғында басталған ұлы географиялық ашылулар - адамдарға жер шарының жаңа кеңістігін ашып бергені даусыз. Еуропалық ұлы географиялық ашылулардың басында португалдықтар мен испандықтардың тұруы жәйдан-жәй емес. Бірақ бұл португалдықтар мен испандықтардың ұлы географиялық ашылуларға дайындалғанында емес. Тіпті бұл үрдіске Құдай осы халықтарды таңдап алды - деп айтқанымызда жөнде болмас. Жәй ғана ұлы географиялық ашылуларға - аталмыш халықтардың ұлт болып қалыптасу үрдісі тұспа-тұс келді десек дұрыс айтқанымыз болар. Түрік-османдықтардықтардың Константинополь қаласын жаулап алып, еуропалықтарға шығысқа барар керуен жолдарын жауып тастауы, жаңа жолдарды іздеуді қажеттілігін туындатты. Бұл кезде Пиреней түбегінде араб және бербер халықтарына бағытталған азат ету қозғалысы жүріп жатқан болатын. 1479 жылы Пиреней түбегінде Испания корольдігі құрылды. Пиреней түбегінде 1139 жылы құрылған Португалия корольдігі XIV ғасырда бастап, өзіне жақын орналасқан аралдарға бақылау орнатқан бол