1870-1871 жж. Пруссия мен Франция мемлекеттері арасындағы соғыста Пруссия жеңіп, Германия біріктіруді аяқтағанымен шекаралық мәселелер нақты шешілмеді. Жаңадан құрылған Германия империясының қарсыласы пайда болды. Жеңілген Франция қоғамы Германиядан Эльзас пен Лотарингияны қайтарып алуды қалады. Еуропаның ортасында неміс халқының бір Австрия-Венгрия империясына қосақтасып екінші бір мемлекеті Германия империясы құрылды. Германияның өңірде өзін орнықтыруға ұмтылуы - көршілеріне ұнамады. Германия - Англия мен Франциямен бәсекелестікке түсе бастады. Франция - Германияның сыртқы саясаттағы басты қарсыласы болды. Германия империясының рейхканцлері Отто фон Бисмарк Францияның күшейіп кетуінен қорқып, аймақтағы жағдайды шиеленістіріп жіберуге тырысты. Отто фон Бисмарк басқарған Германия үкіметі көршілерді Францияға қарсы қоюмен болды. Германия Австро-Венгриямен жақындасып, Италияға қолдау көрсетті. Франция - Германия, Австро-Венгрия, Италия мемлекеттеріне қарсы Англиямен, Ресеймен одақтасуға тырысқанда Осман империясымен одақ құруға тырысты. Тіпті Ресеймен өздеріне тиімді шарт жасасуға тырысты
Сурет ғаламтордан алынды