Найти в Дзене

Францияның 1870 жылғы соғыста Пруссиядан жеңілу себептері

1870 жылы шілде де басталып, 1871 жылы мамырда аяқталған соғыста Франция екі мәрте жеңілген болатын. 1. Француз императоры ІІІ Наполеонның жеңілісі 2. Париж коммунасының жеңілісі Біздің талқылайтынымыз ІІІ Наполеонның жеңілісі. 1870 жылы Франция мен Пруссия мемлекеттері арасындағы дипломатиялық хат алмасуынан туындаған жанжал - үлкен соғысқа әкелді. Бұл соғысқа - Австрия-Венгрия, Даниямен соғыс жүргізген Пруссия мемлекеті Франциядан қарағанда дайын болды. Әрине, Француздардың әскери жағынан әлеуеті жоғары болды. Француздар Африкада соғыс қимылдарын жүргізді. Бірақ Пруссиялықтардың әскери әлеуеті өндіріске негізделді. Германияда Круп әскери зауыттары болды 1852 жылы Францияда орныққан Екінші империя француздардың барлық әлеуметтік тобының қолдауына ие болмады. Елді 18 жыл басқарған ІІІ Наполеон өзінің әрекетімен қоғамды өзіне қарсы қойды. Бұл әрекетінің ең шырқау шегі Виктор Нуарды өз қолымен атып тастауы еді. Екінші империя жемқорлық жанжалдары күнделікті саяси өмірдің көрінісіне айн

1870 жылы шілде де басталып, 1871 жылы мамырда аяқталған соғыста Франция екі мәрте жеңілген болатын.

1. Француз императоры ІІІ Наполеонның жеңілісі

2. Париж коммунасының жеңілісі

Біздің талқылайтынымыз ІІІ Наполеонның жеңілісі.

1870 жылы Франция мен Пруссия мемлекеттері арасындағы дипломатиялық хат алмасуынан туындаған жанжал - үлкен соғысқа әкелді.

Бұл соғысқа - Австрия-Венгрия, Даниямен соғыс жүргізген Пруссия мемлекеті Франциядан қарағанда дайын болды. Әрине, Француздардың әскери жағынан әлеуеті жоғары болды. Француздар Африкада соғыс қимылдарын жүргізді. Бірақ Пруссиялықтардың әскери әлеуеті өндіріске негізделді. Германияда Круп әскери зауыттары болды

1852 жылы Францияда орныққан Екінші империя француздардың барлық әлеуметтік тобының қолдауына ие болмады. Елді 18 жыл басқарған ІІІ Наполеон өзінің әрекетімен қоғамды өзіне қарсы қойды. Бұл әрекетінің ең шырқау шегі Виктор Нуарды өз қолымен атып тастауы еді.

Екінші империя жемқорлық жанжалдары күнделікті саяси өмірдің көрінісіне айналды. Жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары шектеліп, азаматтардың саяси құқықтары байқалмады.

Елді қаржылық баюына жасалған қадамдар - жалақыны арттырғанымен жұмысшы қозғалысы ресми билікті мойындамады.

1870 жылы Франция ауқымды соғысқа дайын болмады. Француз әскерінде тәртіп пен казармалы жағдаймен қамтамасыз етілмеді. Соғысқа аттанған француз жауынгерлеріне азық-түлік жетпеді.

ІІ Империяның Мексика мен Италия мемлекеттері жасаған нәтижесіз соғыстары халықты өзінен аластатты.

1870 жылға қарай қарапайым француздар ІІ империяға немқұрайлы қарады

Сурет ғаламтордан алынды