Найти в Дзене

Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық жағдай

1939 жылы Германия тарапының Польшаға басып кірмей тұрып, бірнеше жыл бұрын - Екінші дүниежүзілік соғыстың болатындығы белгілі болды.

Себебі, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тұрақтылықты ұстап тұруға бағытталған Версаль жүйесі өзінің өміршеңдігін байқата алмады.

1929 жылы АҚШ-та басталған әлемдік қаржы дағдырысы өзінің әсерін тигізді.

Әлемдік қаржы дағдарысынан әрбір ел өзінше шықты.

  • Дүниежүзілік елдерге қаржы дағдарысынан кейін ресурстар жетіспеді.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан саяси картада пайда болған КСРО мемлекетіде өзінің агрессиялық саясатын көрсетіп жатты.

Еуропалық саясаткерлердің Германияда саяси билікке келген ұлтшыл нәсілшілдерді КСРО-ға қою әрекеті байқалды.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Таяу Шығыс елдерінде орныққан мандаттық жүйеде өз нәтижесін бермеді.

Жапонияның Қытайдың Солтүстік-батыс бөлігін басып алу - Ұлттар Лигасынан айыпталғанымен, оның қауіпсіз кеңесі елдерінен еш қарсылық болмады. Халықаралық тұрғыда айыпталған Жапония - Ұлттар Лигасынан шығып кетті.

Италияның Аббисиния королдігіне қарсы басқыншылық соғысыда еш қарсылық болмады. Италия Ұлттар Лигасының қауіпсіздік кеңесіне мүше мемлекет болды. Халықаралық түрде айыпталуына Италия Ұлттар Лигасына шығып кетумен жауап берді.

1933 жылы Германияда билікке келген ұлтшыл-нәсілшілдер 1934 жылы Версаль шарттарын орындаудан бас тартты. Экономиканы әскери бағытқа көшірді. Германия Версаль конференциясының міндеттемелерінде тұрақты әскер ұстау шарттын орындаудан бас тартты.

Саар облысын қосып алды.

1938 жылы Австрияны өзіне қосып, Чехословакиядан немістер тұратын Судет облысын беруді талап етті.

Латын Америкасында Колумбия мен Перу, Боливия мен Перу арасында соғыс болды.

1936 жылы бірнеше мемлекеттердің мүдделері қақтығысқа түскен Испаниядағы азамат соғысы басталды.

1937 жылы Жапония ресми түрде Қытайға соғыс жариялады.

1938 жылы Германия Чехославакияны қосып алды.

1939 жылы Германия мен Польша шекарасында арандатушылық әрекеттер байқалды.

КСРО Финляндияға негізсіз талаптар қоя бастады.

Әлемде үлкен соғыстың болатындығы байқалды.

1936 жылы Германия, Италия, Жапония мемлекеттері арасында Антикоминтерндік пакт жасалды.

Жапония мемлекетінің КСРО мемлекетімен шекаралық қақтығыстары орын алды

Ұлттар Лигасы әлемдік жанжалдар ошағын реттей алмай, мемлекеттер арасындағы дауларды тоқтата алмады.

Әлем елдері үлкен соғысқа келе жатты. Ол соғысты жақындатуға тырысқан күштер мен соғыс қаупін өз ыңғайына қарай реттегісі келген елдер болды

Сурет ғаламтордан алынды