Найти в Дзене

Бірінші дүниежүзілік соғыстың Халықаралық қатынастарға әсері

1914-1918 жж. болған Бірінші дүниежүзілік соғыс - халықаралық қатынастарға әжептеуір із қалдырғаны анық.

Бір мемлекеттер 40-30 жыл дайындалып келсе (Франция, Германия), келесі мемлекеттер өз дайындығына сеніп кірді (Ресей империясы), келесі мемлекеттер өз мүддесі үшін қарсыласу одақтарды ауыстырып отырды (Италия).

Соғыс барысында да - соғыс біткеннен кейінде халықаралық қатынастарда тұрақтылық болмады.

Австрия-Венгрия, Осман империясы, Ресей империясы сынды империялар ыдырап кетті. Олардың жаңа мемлекеттер құрылды.

Соғыста ең жеңген мемлекет - Антанта блогындағы Франция, Англияда мемлекеттері болмады. Соғыста ең бір жапа шегуші мемлекет саналған Сербия корольдігі - соғыстан кейін өзінің аумағын бірнеше есе ұлғайтып алды.

Соғыстан 1917 жылы большевиктердің мемлекеттік төңкерісінен жеңуші ел қатарынан шығып қалған Ресей жаңа жүйенің бастауына себепкер болды.

Осман империясының Таяу Шығыстағы иеліктері - Англия мен Францияның иелігіне берілді.

Соғыстан кейінгі бейбіт өмірді орнықтыратын Версаль конференциясы - жеңуші мемлекеттердің ұйғаруымен жүргізілді.

  • Ыдыраған империялардың қаржылай шығындарын өтеу мәселесі реттелмеді.
  • Жаңадан құрылған мемлекеттер - шекара мәселесін туғызды.
  • Соғыстың тұтандырушысы деп Германия танылып, үлкен көлемді өтемақы төлеу бекітілді. Бұл Германияда реваншистердің қозғалысының тууына себепкер болды.
  • Соғыстың өтемақысын ала алмаған Италияда - қайта соғысты тұтандырушы фашистердің қозғалысы пайда болды.
  • Соғыстың өтемақысын алған елдерде өнеркәсіп дамыды.

1919-1929 жж. соғыстан кейінгі он жылдықта соғысты айыптайтын "пацифистік қозғалыстар" пайда болды. Бұл бейбіт өмір 1929 жылы әлемдік қаржы дағдарысына дейін жалғасты.

КСРО-ның сыртқы саясатын жүргізетін КОМИНТЕРН ұйымының адамдары Азия елдерінде ұлт-азаттық қозғалыстардың жандануы себепкер болды.

  • Капиталистік елдерде КСРО-ға қарсы тұру идеясы пайда болды.
  • Азық-түлік тапшылығын сезіне бастаған аралды мемлекет Жапонияда милитаристік қозғалыс пайда болды
-2

Суретер ғаламтордан алынды